Даңқты қолбасшы – қазақ халқының мақтанышы

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі Бауыржан Момышұлының әскери және шығармашылық мұрасына арналып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде дәріс өтті

Әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы дәрісті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының офицері майор Алмас Бейсембаев жүргізді. Ол аты аңызға айналған батырдың екінші дүниежүзілік соғыста генерал-майор И.В.Панфилов басқарған дивизияның құрамына 1941 жылы қыркүйек айында қосылып, Москва үшін шайқаста 207 мәрте ұрысқа кіргені жайында әңгімеледі. Соғыста дивизия басқарған екі қазақтың біріншісі – Бауыржан Момышұлының соғыс өнерін дамытуға қосқан үлесін баяндап, «Соғыс психологиясы» кітабына да тоқталды. Қысқасы, қазақ ұлтының ержүрек перзентінің өмірі мен жауынгерлік жолы туралы мол мағлұмат берілді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатысқан дәріс әскери соғыс мәселесін қозғап, бар ғұмырын әскери ғылымды таратуға бағыштаған, майданда алдыңғы шепте жүріп, солдаттарға сабақ беріп қана қоймай, олардан өзі де сабақ алған, әңгімелерінде халық мақал-мәтелдерін пайдаланудан бас тартпай, ой-пікірлерін айтудан тайынбаған

Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына арналды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"