Далалық жағдайда тамақ әзірледі

Ақтау гарнизонында әскери аспаздар далалық жағдайдағы бақылау-көрсетуін өткізді.

Жауынгерлік жаттығуды қолдау үшін әскери қызметшілер жыл сайын түрлі оқу-жаттығуларға қатысады. Жалпы жауынгерлерді тамақпен қамтамасыз ету өте маңызды. Осыған байланысты «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасының азық-түлік қызметінің бастығы капитан Тоқтар Әбдіқадыров кіші мамандармен бірге бақылау-көрсету пісіру бойынша сабақ ұйымдастырды. Практикалық сабақ барысында әскери аспаздар далада алғаш рет рецепті қатаң сақтап және санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеріп бірінші және екінші тағамдарды әзірледі. Сонымен қатар далалық жағдайда нан пісірді.
«Әскери қызметшілерді далалық жағдайда тамақтандыру тұрақты орналасу орындарында болған кездегідей жүргізіледі. Яғни азық-түлік үлестерінің нормалары бойынша жүзеге асады. Бүгін біздің аспазшыларымыз дала жағдайында түрлі тағамдар дайындады», - дейді азық-түлік қызметінің бастығы капитан Тоқтар Әбдіқадыр.
Өткізілген сабақтың негізгі мақсаты – аспазшылардың аспаздық ережелер мен азық-түлікті өңдеу және тамақ дайындау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауын анықтау. Сондай-ақ далада әртүрлі тағамдарды дайындау дағдыларын қалыптастыру.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"