Біліктілікті арттыру курстары

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының базасында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері рота сержанттарының біліктілігін арттыру курстары басталды.

Курстар қызметтік міндеттерді сәтті орындау үшін қажетті сержанттардың құқықтық, әскери-техникалық, әдістемелік білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, олардың моральдық-психологиялық, жауынгерлік қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында өткізіледі.
Оқыту барысында рота сержанттары ҚР Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің жарақтандырылуына келіп түсетін қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді. Оқыту кезінде сержанттардың алған теориялық және практикалық машықтары оларға оны күнделікті қызметтік жұмыста сәтті пайдалануға мүмкіндік беретінін айта кету қажет. Курс аяқталған соң оқып-үйренушілерге тиісті сертификаттар табыс етіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"