Болашақ Отан қорғаушылар батырлардың ерлігіне тағзым етті

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған Семей қаласындағы салтанат орталық алаңнан басталды. 9 мамыр күнгі бағдарламаның ерекшелігі сол, «Мәңгілік полк» шарасы жүзеге асты.

Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері

мерекелік шерудің көркін келтірді. Болашақ Отан қорғаушылардың әзірлігіне жиналған жұрт ерекше тәнті болды. Әскери оркестр де концерттік дефиле көрсетті. Шерудің барысына Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Жәнібек Ыдрышев жетекшілік етті. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бұрынғы Семей облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 100 мыңға жуық адамның аттанғанын, әрі Семей өңірінде  330-ыншы гвардиялық атқыштар дивизиясы мен 8-інші атқыштар дивизиясы және бірқатар әскери бөлімдердің құрылғанын баян етті. Жерлестеріміздің ерлігі жоғары бағаланып, 53 адамның Кеңес Одағының батыры атанғанын, 12 адамның үшінші дәрежелі Даңқ орденімен және 30 мыңнан астам адамның орден-медальдармен марапатталғанын жеткізді. Жұмыр жердің 60 елін тұтас қатыстырып, күллі әлемді 1418 тәулік бойы қалтыратқан шайқастың ауыр жүгін батыр аталарымыз бен апаларымыз қаймықпай көтергенін еске салды. 9 мамыр – аға ұрпақтың қаһарман ерлігін ел жадында мәңгілік сақтауға шақыратын ұлы мереке екенін де баса айтты. Мереке күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы, Семей қаласындағы алғашқы әскери дайындық орталығы және Семей қаласы әкімшілігінің ішкі саясат және білім бөлімдерінің бастамасымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігін насихаттау, орта мектеп оқушыларының алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әзірлік деңгейін тексеру, жастардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған түрлі байқаулардың жеңімпаздары да марапатталды.

   Бұдан соң БТР көлігі бастаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тобы Жеңіс аллеясына дейін жеткізіліп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Қарт жауынгерлер неміс-фашист басқыншыларынан елін қорғау жолында қаза болған қарулас жолдастарын еске алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44793 әскери бөлімінің жеке құрамы ұйымдастырған солдат дастарханынан дәм татып, көркемөнерпаздар ұжымының концертін тамашалады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"