Болашақ әскери ұшқыштар ұшып жаттығуда

Мемлекет басшысының Қазақстан армиясының кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында курсанттардың ұшу практикасы басталды.

Бұл жолы тікұшақ штурвалдарына әскери авиация факультетін бітіруші курсанттар отырды.
Ұшу тәжірибесінің негізгі мақсаты – бұранда қанатты машиналарды түнгі уақыттарда және күрделі метеорологиялық жағдайларда басқару дағдыларын жетілдіру.
Курсанттар ұшуға рұқсат алу үшін алдымен арнайы пәндердің теориялық бөлігін игерді. Тікұшақтардың құрылымын, техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктерін зерделеді. Бұл жерде оларға қойлатын басты талап – штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарды білу.
Биылғы оқу жылындағы алғашқы ұшуларды Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдғына арнаймыз. Тәуелсіздік жылдары әскеріміздің дамуының арқасында бала күнгі арманым – ұшқыш болуға қолым жетті, – дейді 4 курс курсанты Бекзат Сапаров.
Әскери ұшқыштар үшін оқу-жаттығу ұшулары бірінші курста басталады және жыл сайын өткізіліп тұрады. Әскери авиация қатарын толықтыратын болашақ ұшқыштардың институтта оқу кезіндегі жалпы ұшу уақыты кемінде 200 сағатты құрайды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"