Бейсембиевтердің әскери әулеті

Олар кеше ғана таныс еді. Бүгінде бір отбасыға айналып отыр. Бейсембиевтер әулиетінің бүгінде ұғымы – ортақ,  мақсаты – ортақ.

Мақсат о баста әскери болуды армандады. Кешегі Ұлы Отан соғысын көрген атаның өмірі немереге тәлім еді. Ішкі әскерде және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтегі екі ағасының киім-киісі, бітім-болмысы да әсер етпей қалған жоқ. Бала күннен «мен әскери болам, Отанымды қорғаймын» деген арманның жетегінде жүрді.

Сол оймен, 1999 жылы Астанаға жол тартты. Осындағы генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне оқуға түсті. Сөйтіп, әскери өмірдегі бірінші баспалдағын басты.

««Жас ұлан» мектебінде білімімді, тәлімімді тереңдеткен мектеп ұстаздары жолымды айқындап берді. Мың да бір рахмет», дейді ол әңгіме барысында.

Мұнан соң Ресейдегі әскери академияға оқуға түсіп, елге білікті әскери маман болып оралған Мақсат еліміздің батысына жол тартты.

– Өйткені мені, дейді ол, – 2012 жылы Қорғаныс министрлігінің шешімімен Атырау қаласындағы 41321 әскери бөліміне командир лауазымына тағайындады. Одан кейін рота командирі болдым».

Осылай әр қадам сайын әскери ортада шыңдалған ол бүгінде осы бөлімнің штаб инженері болып отыр. Шені – аға лейтенант. Әскери қызметте жүргеніне он жылдан асты. Қазір оның әр қадамын, әр ісің қолдап отырған отбасысы бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын танысқан Қарлығаш – қазір оның жан жары. Сүйкімді сәбиінің анасы.

– Біз ортақ таныстар арқылы таныстық. Бастапқыда дос-құрбы болып араластық. Кейіннен ол достығымыз нығайып, жылы сезімге ұласты, - дейді Қарлығаш.

Қарлығаштың «жолдасым әскери болады деген ой» үш ұйықтаса түсіне кірмеген екен. Рас, араластығы бар, сыйластығы бар. Дегенмен, кешегі достың кейіннен арқа сүйер азаматы болатынын кім білген?!

 «Бастапқыда ара қатынасымызды қалай деуге болатынын түсіне алмай жүрдім. Бір-бірімізбен кеңесеміз, сырласамыз. Жолдас ретінде ме, жоқ, жігіт ретінде ме, онысын білмедім. Сөйтсем, екеуміз де бір-бірімізді сыңап жүр екенбіз. Күндердің күнінде ол ұсыныс айтты, сөйтіп, қыз-жігіт ретінде кездесе бастадық», дейді Қарлығаш ағынан жарылып.

Қазір олар бір-бірін бірден ұғынады. Бір-біріне деген ыстық ықыласы күшеймесе, азайған жоқ.

– Әскери адамның аты әскери адам. Талабы күшті. Тазалығы, ұқыптылығы тағы бар. Он бір жыл әскери болған адам тәртіптілікті, жинақылықты жақсы көреді. Жұп болғалы қас-қабағына қарап, ұғынуға тырысамын, - дейді ол.

«Асыра айтқандығым емес, күйеуімді қатты сыйлаймын. Оқыған-тоқыған әйел болсам да, оның қойған талабынан шығып отырмын. Мақсат отбасылы болмай тұрып айтқаны, әйел – ол отанасы, әйел – ол отбасының шамшырағы, әйел – тәрбиенің бұлағы. Сондықтан жұмыстан қол үзіп, үйде отырасың», деді. Дегеніне көніп, қазір үйде отырмын. Одан ештеңе жоғалтып жатырмын деп ойламаймын. Отбасымыздың әлдиі Айанамыз бар. «Ұрпақ тәрбиесі талбесіктен» деп бекер айтпаған екен. Әсіресе қыз балаға ананың тәлімі керек-ақ. Осы қызымды және болашақ ұрпақты тәлімді, тәрбиелі етіп өсірсек, бізге содан артық бақыт жоқ, Отағасы Мақсаттың да талабы, тілегі осы», деді сөз соңында Қарлығаш.

Иә, отбасы – ортақ мекен. Ортақ мүдде. Мақсат пен Қарлығаштың мақсаттары таусылмасын, қанаттары кеңге жайылып, үлкен әулетке айналсын.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"