Байқаудың жеңімпаздары анықталды

Машина жасаушылар мерекесі қарсаңында (қыркүйектің соңғы жексенбісі) «Петропавл ауыр машина жасау зауытында» фрезеровщиктер мен токарь мамандары арасында кәсіби шеберлік байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты әр маманның өз жұмысына инновациялық және шығармашылық тұрғыдан қарауға ынталандыру және олардың белсенділігін арттыру болып табылады.

        Салтанатты шараны «ПАМЗ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ю.Сахаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай шеберлер тапсырмалар алып, іске кірісті. Мамандар үшін барлық жиған білімі, машығы мен тәжиребесін іс жүзінде қолданатын аса жауапты сәт туды.

Байқаудың қорытындысы бойынша токарьлар арасында С.Баев (1-орын), М.Касенов (2-орын) және В.Звягинцев (3-орын), фрезеровщиктер арасында А.Васильченко, С.Кальсин, С.Лапшин 2018 жылдың кәсіби шеберлері болып танылды.

         «Үздік жас жұмысшы» номинациясы бойынша Виктор Звягинцев жеңімпаз атанды. Жалпы байқауды үздік шыққан жұмысшылыр арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар олардың біліктілік разрядтары да жоғарылайтын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің

баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"