Байқауда жеңіске жеткен журналистерге Қорғаныс министрінің атынан дипломдар табыс етілді

Журналистер күні қарсаңында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов журналистерді құттықтады. «KADEX-2016» көрмесін бұқаралық ақпарат құралдарында таратудың үздігі байқауының жеңімпаздарына арнайы дипломдар табыс етілді.

Қорғаныс министрлігі «KADEX-2016» 4-ші халықаралық қару-жарақ пен әскери мүлік көрмесін өткізу аясында бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған үздік материалдарға байқау жариялады. Қазақстанның қалалық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арасында, сондай-ақ электрондық бұқаралық ақпарат құралдары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке аталымдар бойынша байқау өтті. Бұл байқауға «KADEX» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери мүлік көрмесі туралы материалдарын баспа беттерінде жариялап жүрген газет, радио және теледидар журналистері, ақпараттық агенттіктер мен штаттан тыс авторлар қатысты. Көрменің анонстық оқиғаларын тарату, көрмені өткізу кезеңі бойынша материалдар, сондай-ақ оны өткізу қорытындысы бойынша материалдар байқау жұмыстарына арқау болды. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар: «Баспа басылымдарындағы үздік жарияланым» аталымы бойынша - «Время» газетінің тілшісі Лэйла Тастанова, «Үздік телесюжет/телебағдарлама» - «Хабар» агенттігінің тілшісі Мақпал Мадиярова, «Евразия бірінші арнасының» тілшісі Олжас Нүрекенов, «Үздік радио сюжет/радио бағдарлама» аталымында журналист Мәдина Ишанова және «Астана радиосының» журналисті Ольга Асхожина, «Интернеттегі үздік жарияланым» аталымы бойынша «Bnews» тілшісі Дәурен Ерболатов марапатталды.  Әскери тақырыпты таратуда қосқан үлесі, белсенді ұстанымы мен объективтілігі және жоғары кәсіпқойлығы үшін «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Ауыпбаев, «Казахстанская правда» газетінің  бас редакторы Татьяна Костина, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Дулат Молдабаев, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі бас директордың орынбасары Қаламқас Әбуова, блогерлер Қанат Әуесбай, Евгений Переверзев наградталды.  «Мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты жөнінде жаздым. Барлығын өз көзіммен көрдім. Мені таңқалдырған зауыттың қуаты, яғни бір айналымның аяқталуы болды: өнімнің кішкентай бөлшегін құрастырған сәтінен бастап полигонға жіберілгенге дейінгі кезеңді көрдім. Сол әсерден осы материал жазылды. Бүгінгі алған диплом сол еңбегімнің жемісі», - деді семинарға қатысушы Лэйла Тастанова. Материалдардың сапасы түрлі шарт бойынша, атап айтқанда – тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы, тақырыптың дәл мазмұндалуы мен оны терең ашылуы, салыстырмалы ақпараттық, статистикалық және нақты талдау деректерін  пайдалануы ескерілгенін айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"