"Батыстағы" бригада

Батыстағы бұл бригаданың жетпіс бес жылдық тарихы бар. Бастапқыда сұрапыл соғыс кезінде 892 атқыштар полкі ретінде жасақталған оның тарихи жолы тереңнен басталады. Волгоград түбіндегі Фомино елді мекенінде алғашқы шайқасты бастан өткерген полктің майдандағы шежірелі жолы атақ-даңқа бөлеген. Мәселен, Волгоград түбіндегі неміс әскерлерін артқа шегіндіргені үшін Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен полкқа берілген 1943 жылдың 2 ақпанындағы «Гвардиялық» және 1945 жылы Австрия астанасы Венаны азат еткені үшін «Веналық» құрметті атақтары, сондай-ақ, Ясск-Кишинев ұрыстарындағы жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен  берілген «Александр Невский» (1944 жылы қыркүйекте) және Будапешт шайқастарында көрсеткен ерліктері үшін  «III дәрежелі Кутузов» ордендері – соның айғағы.

Даңқты полк

Соғыстан кейін Вена қаласынан Өзбекстандағы Қата-Қорған елді мекеніне, кейін 1960 жылы Самарқандқа қоныс аударған бұл полк кейін араға он бір жыл салып,  Жамбыл облысындағы Гвардейскийге көшіріледі. Сол кезеңнен бері даңқты полк біздің елге тиесілі болып келеді. 

 

Полктан – бригада

«Елу жылда – ел жаңа» деген. Сан жолды артқа тастаған 51-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі құрылымдық өзгерістерге байланысты  үлкен бригада болып қайта жасақталады. 2002 жылдың маусымында жасақталған II-ші гвардиялық дербес бригада, әрине, «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарайды. Ал, екі жылдан соң, яғни, 2004 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қаулысына сәйкес 390-шы теңіз жаяу әскерлері бригадасы болып қайта құрылады.

Міне, содан бері еліміздің Маңғыстау өңірінде орналасқан аталмыш бригаданың бүгінгі ҚР Қарулы Күштерімізде орны орасан.

 

Шыңдалған бригада

Жалпы 390-шы теңіз жаяу әскерлерінің міндеті – сол аймақтағы Каспий теңізі жағалауының қорғанысын қамтамасыз ету. Осы орайда теңіз жаяу әскерлері бригадасы кәсібилігі мен біліктілігін арттыру мақсатында көптеген командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысып, шыңдалып келеді. Мәселен,  олар «Әлем теңізі-2003», «Батыс-2004», «Шеп-2006», «Өзара іс-қимыл-2009», «Өзара іс-қимыл - 2012», «Орталық-2013», «Орталық-2015» сияқты оқу-жаттығуларға қатысып,  жоғарғы көрсеткіштерімен көзге түсіп жүр. Сондай-ақ, былтырғы «Халықаралық армия ойындары-2015» атты байрақты бәсекеде де жақсы нәтижелер көрсете білді.

 «Соның бәрі бригададағы білікті мамандардың арқасында. Біздің күнделікті тіршілігіміз үнемі жауынгерлік міндеттерді табысты орындау, жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі батальондағы ішкі тәртіпті, техника мен қару-жарақтарды жауынгерлік әзірлікте ұстау», - дейді осы орайда теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі гвардия полковнигі  Сабыр Каюмов.

Қазіргі кезде 390-шы теңіз жаяу бригадасы күнделікті өмір салтымен қызметтерін атқарып, техника мен қару-жарақты қысқы мезгілге келтіріп жатқан жайы бар. Сонымен қатар, бұл ортаға жаңадан келіп қосылған жас сарбаздарды әртүрлі әскери іске машықтандыру да – олардың еншісіндегі іс.

«Биылғы оқу жылында жас сарбаздар «Оймаша» оқу-жаттығу алаңында ату және техникалық жаттығуларын өтіп жатыр. Олар әскери істі меңгеріп, соны меңгерсе біздің діттеген мақсатымыз сол», - дейді бригада командирі.

Гвардия полковнигі Сабыр Рысбекұлының айтуынша, биыл жоспарға сәйкес, 2016 жылы аталмыш бригада халықаралық армиялық ойындардың 12 түріне қатыспақ. Соның ішінде, «Каспий теңізі», «Танк биатлоны» сайыстарында жылдағыдай жігіттеріміз жақсы өнер көрсетеді деген сенімдіміз.

Айта кетейік, теңіз жаяу әскерлері бригадасы – Қарулы Күштердегі жалғыз бригада. Оның құрамында әртекті нағыз кәсіпқой мамандар бар. Батальон жеке құрамының көпшілігі – мерзімді қызметкерлер. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"