«Батыс» өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиындар өтуде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлықты жетілдіру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудың негізгі бағыттары бойынша бағынысты әскери бөлімдердің қолбасшылығымен оқу-әдістемелік жиындар өткізуде.

Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің базасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде. Аталмыш жиынның мақсаты жауынгерлік даярлық іс-шаралары мен тәрбие үдерісін жүргізудің ұйымдастыруда командалық құрамның әдістемелік дағдысын жетілдіру, барлық дәрежедегі командирлердің жауынгерлік машығын жақсарту және 2017 жылғы қысқы оқыту кезеңі бойынша өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қызметіне қорытынды жасау болып табылады.

Үш күн бойы жиын қатысушыларымен жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері, қойма үй-жайларының барлық түрлерін ұстау, әскерлерлі материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жиын қатысушыларымен сауалнама  және психологиялық тестілеу жүргізу бойынша оқу-әдістемелік сабақтар өткізілуде.

Аталған жиынның басты ерекшелігі роталық-тактикалық топтың оқу-жаттығуының өткізілуі болды. Жиын соңында үздік бөлімшелер мен ерекше көзге түскен командирлерді көтермелей отырып, «Батыс» ӨңҚ жауынгерлік даярлық, әскери-тәртіптің, қару-жарақ пен әскери техниканың  жай-күйі  бойынша қызметін қорытындылау жоспарлануда.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде үздік деген атаққа ие болғанын айта кеткен жөн. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"