«Батыс» ӨңҚ «Каспий – Антитеррор – 2017» жедел-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Каспий – Антитеррор – 2017» жедел-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты. Онда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының антитеррор бөлімшелері мен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің арнайы бөлімшелері Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігінің арнайы күштерімен өзара әрекет ету мәселелерін пысықтады.

Аталмыш оқу-жаттығуға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Атырау облысы Ішкі істер департаменті мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелері қатысты. Оқу-жаттығудың ниеті бойынша арнайы мақсаттағы жауынгерге өзінің іс-қимылдарын үйлестіріп, бірлескен күшпен вахталық кентті басып алған лаңкестерді жойып, кепілге алынғандарды босату керек болды. Сәтсіз келіссөздерден кейін құрама күштер басып алынған нысанды шабуылмен алды және қойылған тапсырманы сәтті орындады. 

«Бүгінде әр елде барша қоғамға үлкен қауіп туғызатын құрылымды бұзатын күштердің ену қатері бар. Біз оларға қарсы тұру мәселелерінде табанды болуға тиіспіз. Мұндай оқу-жаттығулар өзара іс-қимыл жасау сәттерін сапалы пысықтауға және әртүрлі ведомстволар арасындағы үйлесімділікке, сондай-ақ баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді», - деп «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"