"Батыс" өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл. Аумақтық тұтастықты сақтауда қырағылық танытып келеді.

Құрлық әскерлерінің ең жас құрамаларының бірі – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 20 жыл толды. Әскери құраманың қалыптасу тарихы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Батыс әскери округінен бастау алады. Құрамына, яғни, жауапкершілік аймақтарына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кіреді.

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті – мемлекеттік шекараның беріктігін сақтау мен аумақтық тұтастығына жауап беру. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
2005 жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының штабы Ақтөбеден Атырауға көшті. Ашылу салтанатына Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қатысты. Сол жылдан бастап «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы барлық әскери парадтарға қатысып келеді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы – бұл Қазақстанның батыс шекараларының қауіпсіздігі мен сенімділігінің кепілі. Ұлт көшбасшысы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дана саясатының арқасында, біз 20 жыл ішінде Қазақстанның батысының қауіпсіздігін қаматамасыз ететін берік қорғаны бола алдық», - дейді өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.
2002 жылдан бастап аталмыш өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдер ауқымды оқу-жаттығуларға қатыса бастады. Мәселен, «Бейбітшілік теңізі-2002», «Батыс-2003», «Рубеж-2006», «Өзара іс-қимыл-2009», «Бейбітшілік миссиясы-2010», «Орталық-2011», «Қаратау-2014» және «Батыс-2018» сияқты ірі жаттығуларды сәтті өткізді.

Запастағы полковник Рысқалиев Сағидолла:

–      Құрлық әскерлерінің құрамына кіретін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрылуы Қарулы Күштердің тарихында жауапты қадам деп бағалаймын. Еліміздің батыс шебін қорғауға бағытталған жауапты міндет сол кезеңде тәжірибелі әрі өз ісіне мығым әскери қызметшілерге сеніп тапсырылды. Қандай нәрсені бастағанда да қиындық болатыны ақиқат. Сол қиын кезеңнен өткен ардагер офицерлер тәуелсіз елдің төл әскерінің қалыптасуына барынша үлес қосты. Олар тарихтың көне дәстүрін сақтай отырып, жүктелген міндеттерін абыроймен атқарды. Бастапқы уақытта материалдық қамтамасыз ету бойынша кемшіліктер болғаны жасырын емес. Алайда, уақыт өте келе өзекті мәселелер шешімін тауып, өңірлік қолбасшылық жыл өткен сайын аяғына нық тұра бастады. Әр қолбасшы өзінің күш-жігері мен ынтасын жауынгерлік даярлықты нығайтуға, мықты кадрларды әзірлеуге, инфрақұрылымды жақсартуға бағыттап отырды. Құрылғанына 20 жыл толған өңірлік қолбасшылықтың бүгінгі бейнесіне қарап тамсанамын, қуанамын. Алдағы уақытта, өңірлік қолбасшылықтың маңызы мен әлеуеті бұдан да жоғары болатынына сенімім мол.


Өңірлік қолбасшылықтың құрылу тарихына көз жүгіртер болсақ, Батыс әскери округін штаб бастығы ретінде генерал-майор Шойынбаев Асхат Өлмесұлы басқарды. Округ қызметінің өркендеуіне үлес қосқан әскери мамандар қатарында Баязитов Рамиль Равильевич, Сухин Валерий Иванович, Нечитайло Владимир Николаевич, Бабич Игорь Владимирович, майор Сейтқазин Азамат Сабырұлы, Мороз Вадим Борисович, капитан Тихоненко Андрей Петрович, Рахматулин Сергей Асылгареевич, Бейсенов Рамазан Маликович, прапорщик Чабанова Наталья Николаевна, келісімшарт қызметкерлері старшина Бабич Ольга Анатольевна, кіші сержант Тихоненко Елена Владимировна, қатардағы жауынгер Мороз Светлана Владимировналарды атап айтуға болады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басты міндеті – мемлекет шекарасының қауіпсіздігін, шекара тұтастығы, егемендігін толық қамтамасыз ету және Каспий теңізі секторында Қазақстан республикасының экономикалық мүддесін қорғау.

 

Теңіз жаяу әскерлері «қара жаяу» емес

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі күші әрі ерекше құрылымы деп еліміздегі жалғыз Теңіз жаяу әскерлерін айта аламыз. Әскери бөлім қарт Каспийдің сағасындағы Ақтау қаласында орналасқан.

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының басты міндеті Қаспий теңізі мен мемлекетіміздің оңтүстік-батыстағы шекара аумағына қауіп төнген жағдайда тиісті плацдармға ие болып, негізгі Күштердің келуіне дейін сол жерлерді қорғау болып табылады.

Теңіз жаяу әскерлеріне арналған әскери қалашық бар. Қазақстандық теңіз жаяу әскерлері бригадасында өжет, өз істеріне мығым, қызметіне адал қаншама жауынгер қызмет етіп жатыр. Бригададағы теңіз десантшылары соңғы үлгідегі барлық заманауи қарулармен жабдықталған. Жаттығу полигонында әскери маневрлердің барлық түрі жүргізіледі. Бүгінде жан-жақты жасақталып, заманауи қару-жарақтар мен техникалармен жабдықталған Теңіз жаяу әскерлері «қара жаяу» емес.

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының тарихы 1941 жылдың желтоқсанынан басталады. Полк соғыс біткеннен кейін Вена қаласынан Өзбекстандағы Қата Қорған елді мекеніне көшіріледі. 1960 жылы – Самарқандқа, ал 1971 жылы Жамбыл облысындағы Гвардейский елді мекеніне ауыстырылған. Содан бері даңқты полк қазақстандық болып саналады. 2002 жылдың маусымынан бастап 51-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі 2-ші гвардиялық дербес бригада болып қайта құрылады да, «Батыс» аймақтық қолбасшылықтың құрамына енгізіледі. 2004 жылы тамызда Қазақстан Қорғаныс министрінің өкімімен бұл гвардиялық бригада «Батыс» аймақтық қолбасшылықтың 390-ші жағалауды қорғау бригадасы болып құрылады. Биылғы жылдың 17 наурызында Елбасының Жарлығына сәйкес гвардиялық бригада 390-ші теңіз жаяу әскерлері бригадасына айналды.

390-ші теңіз жаяу әскері бригадасын гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов басқарады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасы әскерлердің жауынгерлік даярлығы қашанда бабында болуы үшін, қойылған міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау үшін жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, аз уақыт ішінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы беделін арттырып, әскер түрлерінің арасында ерекше құрметке ие болды. Әлбетте бұл жерде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы ретінде еңбек сіңірген азаматтардың үлесі орасан екенін айтқанымыз жөн.

Батыс әскери округінің алғашқы қолбасшысы генерал-майор Сихимов Манас Камардинұлы болды. Содан кейін, контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы Комратов, одан кейін генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, генерал-майор Халықов Әмір Қасымбекұлы, полковник Нұғманов Мұрат Қажымұратұлы, генерал-майор Оспанов Дәулет Рысқұлбекұлы, генерал-майор Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы басқарды. Қазіргі уақытта құрылғанына 20 жыл толып отырған «Батыс» өңірлік қолбасшылығын полковник Алдияров Нұрлан Қапанұлы басқарып отыр.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасы әскерлердің жауынгерлік әзірлігі бабында болуы үшін, оларды жан-жақты дайындауға және жүктелген міндеттерді ұдайы орындай алу әзірлігінде болу үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.


Жетістіктері

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері 2018 жылы «Мергендер батальоны» атты Құрлық әскерлерінің үздік мотоатқыш батальоны мен зениттік дивизионы сайысында жеңімпаз атанды. Халықаралық армия ойындарының Мәскеудегі «Алабино» полигонында өткен «Танк биатлоны» конкурсында екінші және үшінші орын иеленді. «Мергендер шебі» сайысында (Отар елді мекені, Беларусь Республикасы Брест қаласы) бірнеше дүркін жеңімпаз атанып, жүлде алды. «Сұңқар салу» конкурсында (Отар) жеңімпаздар қатарынан көрінді. 2018 жылы Ұлыбританияның Уэльс қаласында өткен «Кембрий патрулі» халықаралық жарысында үшінші орын алса, барлау жасақтары арасындағы «Алтын үкі» сайысында 2012 жылы жеңімпаз, ал басқа жылдары үштік қатарында көрінді. Өңірлік қолбасшылықтың сержанттар корпусы ұдайы түрде АҚШ, Германия, РФ, Үндістан елдерінде біліктілікті шыңдау курстарына қатысып отырады, ал офицерлер құрамы РФ, Түркия, Пәкістан, Үндістан, Ұлыбритания елдеріндегі даярлық курстарына қатысуда. 2020 жылдан бастап, өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері Ливан еліндегі бітімгершілік роталарының құрамына енгізіле бастады. Соңғы жылдары спорттағы жетістіктер де айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 12 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер және 50-ден астам спорт дәрежесін алған әскери қызметшілер бар. 2017 жылғы жауынгерлік сайыс қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Қарулы Күштердің үздік құрылымы болып танылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, әскерлерді сапалы даярлауға барлық қажетті оқу-материалдық база бар.

Қарулы Күштердегі жалғыз теңіз жаяу әскерінің бригадасы өңірлік қолбасшылықтың мақтанышы саналады. Себебі, «Қара береттілер» өңірлік қолбасшылықтың басты жауынгерлік күші болып табылады. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері жауынгерлік дайындықта жоғары деңгей көрсетіп, Қарулы Күштер жарыстары мен халықаралық армия ойындарының бірнеше рет жеңімпаздары атанды.

Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"