«Батыс» өңірлік қолбасшылығы майдангерлерге құрмет көрсетті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517-әскери бөлімінің қызметкерлері осы қолбасшылықтағы ардагерлер ұйымымен бірге қайырымдылық аясында Орал қаласында тұратын майдангерлер, доғарыстағы полковниктер Семен Данилин, Павел Букаткин және доғарыстағы капитан Екатерина Крылованың үйінде болып, құрмет көрсетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, әр майдангерге Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» атты кітап, азық-түлік қоржыны және материалдық жәрдем берілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Фомушкиннің атап өткеніндей, аға буынның ерлігін кейінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпайды. Қазақстанда Елбасы тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне, соның ішінде майдангерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлерге ұдайы көмек көрсетілуде.

«Біздің қолбасшылық бойынша  Батыс Қазақстан облысында соғысқа қатысқан үш майдангеріміз ғана қалды. Олар 5517-әскери бөліміндегі медпункт дәрігерлерінің жіті бақылауында. Біз ардагерлерімізді назардан тыс қалдырмай, әрдайым жағдайларын біліп, қарасып отырамыз», деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірасыл.

Жастары ұлғайғандығына қарамастан, майдангерлер қоғамдық-саяси өмірге, жастар тәрбиесіне белсене араласады. Мысалы, 102 жасқа толып отырған Семен Акимович Данилин әлі де тың, елдегі болып жатқан жаңалықтарға құлағын түріп отырады. Ол осы жолы да қонақтарына майдан жолдары туралы әңгімелеп берді. «Біз, міне, бейбіт өмір сүрудеміз. Еліміз тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Осының бәрі - ата-бабаларымыз бен біздің тұстастарымыздың ерлігі және еңбегімен келген бейбітшілік пен тыныштықтың, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған сарабдал саясаттың арқасы», деді С.Данилин сөзінің соңында.

Айта кетейік, осындай шаралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қазақстанның батыс аймағындағы барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"