Батырдың құрметіне арналды

Ұлы Отан соғысының ардагері,  Халық қаһарманы, аты аңызға айналған партизан, атақты барлаушы, қазақ әдебиетіндегі партизандар тақырыбының негізін қалаушы көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіміздің акт залында  «Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр» атты танымдық кеш аталып өтті.  

 Танымдық кешті «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев ашып, ұландарға ұлы тұлға жайында кеңінен толғанды. Соңында «аты аңызға айналған халқымыздың маңдайына біткен, ғасырда бір туатын санаулы асылдардың бірі бола тұра Кеңес Одағының Батыры деген атақтың ағамызға берілмегені өкінішті.. Өйткені, Қасым Қайсенов – қандай атаққа да лайық» - деп сөзін аяқтады.  
Мұнан соң танымдық іс-шараны мектеп кітапханашысы қызметкер Н.Мырзабекова жалғастырып, Қасым Қайсеновтың  өмір жолдары мен марапаттарына тоқталды. 

Кеш барысында Қасым Қайсеновке арналған слайдтар, кітап көрмесі, фото көрмелер қойылып, «Қасым» атты көркем фильмнен үзінді көрсетілді.  Сондай-ақ    әннен шашу шашылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.                                                                                                                                      Концертте Қасым ағаның монологын нышанына келтіріп оқыған 4 рота ұланы  Ерасыл Иманберді,  осы ротаның ұландары орындаған «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты әні көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Қызметкер Айкен ОСПАНҚҰЛОВА

 

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханашы                            
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"