"Батыл тойтарыс-2022" оқу-жаттығуы: мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту

«Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараның күзетін күшейту міндеттерін шекарашыларымен бірлесіп орындады.

Оқу-жаттығудың басталғаны жайлы дабыл алған оңтүстік өңірдің мемлекеттік шекара учаскелеріне жақын орналасқан бірқатар әскери бөлімшелер жедел түрде шекараға жетіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі қолбасшылығының уақытша бағынысына келіп түсті.
- Қазіргі уақытта біз мемлекеттік шекарада Қорғаныс министрлігінің бірінші мотоатқыштар ротасымен бірлесе отырып, мемлекеттік шекараны күзету сұрақтарын пысықтап жатырмыз. Оның барлығы «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығудың аясында жүргізілуде. Осы жаттығудың шеңберінде Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен мемлекеттік шекараны бірлесе күзету және бұл жерде өзін-өзі ұстау, қауіпсіздік шараларын сақтау сұрақтары жүзеге асырылды, - деді Меркі ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы подполковник Бақытжан Айсағалиев.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы мотоатқыштар бөлімшелерінің әскери қызметшілері Қазақстанның мемлекеттік шекарасында қызмет көрсете отырып, нағыз шекарашы болып көрді.
- Бұл жерде қызықты. Өзім өткен сабақтардан басқада мағұлматтар, мәліметтер алдым. Бұл жерде де өзіндік қиыншылықтар бар екен. Дегенменде, өзімнің қызметім жақсы, - деп бөлісті «Оңтүстік» ӨңҚ сарбазы Бекасыл Тілемісов
Шекара қызметінің әскери қызметшілері Қарулы күштердегі әріптестерімен шекарада қызмет ету тәжірибесін және жинақтаған білімін бөлісті. Оларға нарядтарда және тосқауыл бекеттерінде күндізгі және түнгі қазметтің ерекшеліктері жайлы айтып берді. Сондай-ақ, шекарада нарядтық қызметті атқаруда, жасырын шекара нарядтарын қою кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мен сақтау мәселелері пысықталды. Бөлімше командирлері арасында өзара іс-қимыл мен байланысты ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Мотоатқыштар батальонында борышын өтеп жүрген сарбаздардың шекарадағы жаттығуларға қатысуы әскери қызметтің басқа қыры туралы біліп қана қоймай, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді. Жігіттердің өздері де атқаратын қызметтің сан түрлі болғанын мақтан ететін жасырмады. Қанша дегенмен, олар шекара аймағында болып, ондағы іс-қимылға қатысты. Ал Шекара қызметінде кинолог болып жүрген қатардағы жауынгері Айдар Алдахер бірлескен іс-шаралар сарбаздардың кәсіби деңгейін арттырып, ой-өрісін кеңейтетінін жеткізді.

- Бір-бірімізден тәжірибелемен алмасып, білгендерімізбен бөлістік.. Қызмет барысында мемлекеттік шекараны бұзу белгілері байқалған жоқ. Біз өз Отанымыздың, халқымыздың, Қазақстан Республикасының берік қалқанымыз,- деді Айдар Алдахер
«Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуы шеңберінде орындалатын шаралар Мемлекет басшысының күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларды толық деңгейде орындауға ықпал етері анық.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"