Батальондық тактикалық топ: кез-келген жағдайда тиімді іс-әрекет ету

Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды.

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, жалпы әскери батальондар мамандық бойынша дайындалып, батальон құрамында білімін жетілдіреді. Оның нәтижесінде батальондық тактикалық топ қалыптасып, тактикалық оқу-жаттығу аяқталады.
– Батальондық тактикалық топтардың құрамындағы сабақтарға 70 сағаттан астам уақыт бөлінеді. Осы сабақтар барысында шабуыл жасау және қорғану тақырыптары, арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу, ауданды оқшаулау жөніндегі тапсырмаларды орындау, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, заңсыз қаруланған топтарды жою, маңызды объектілерді күзету, мемлекеттік шекара күзетін күшейту зерделенеді. Батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы оқудың соңғы кезеңі болып табылады, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.
Батальонды және батальондық тактикалық топты үйлестіру бөлімше құрамында және далалық шығуларда тактикалық-саптық сабақтарды, оқ атуды және бөлімшелерді басқару жаттығуларын, жауынгерлік машиналарды жүргізу жаттығуларын орындау барысында іске асырылады.
Бұл топтардың қалыптасуы орындайтын тапсырмаларының сипатына тікелей байланысты. Жауынгерлік оқуда көп жылдық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар соңғы уақыттағы әскери қақтығыстарды талдау да ескеріледі. Оқ ату жүйесін, инженерлік жұмыстарды ұйымдастыру, түрлі ұрыста бөлімшелерді басқару, сондай-ақ әскери авиация, артиллерия тікұшақтарын және ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарын қолданудағы бөлімшелер командирлерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру дағдылары мұқият пысықталады.
Бөлімшенің жоғары тиімділігінің негізі – кез-келген жерде әрекет етуге әзір оқытылған жеке құрам.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"