Бас штаб бастығы Қарағанды және Алматы гарнизондарына жұмыс сапарымен барып қайтты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Қарағанды мен Алматыдағы әскери бөлімдерді тексерді.

Бұл жұмыс сапарының негізгі мақсаты даярлық кезеңіндегі іс-шаралардың орындалуын тексеру болатын. Қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайын, полигон жабдықтарының қысқы пайдалану режиміне көшуін, жөндеу шеберханаларының, жауынгерлік даярлықтың материалдық заттарын сақтау жағдайын мұқият тексеруге назар аударылды.
Бас штаб бастығы оқу-жаттығу полигондарын тұтас тазарту жөніндегі іс-шаралардың орындаулы туралы баядамаларды тыңдады, әскери құрамалар мен бөлімдердің күнделікті тыныс-тіршілігіндегі мәселелермен, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Бұдан өзге, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов мерзімді қызмет атқаруға келген жас толықтыруларды қабылдаудың ұйымдастырылуымен, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен және казармалық тұрғылықты қорымен танысты.
Ол өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларына алдағы Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жөнінде еске салып, оған әрбір әскери қызметші, оның ішінде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери оқу орындарының курсанттарына қатысуға мүмкіндік беруді атап өтті.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"