Бас әскери прокурор жеке қабылдау өткізіп, әскерилермен кездеседі

2016 жылдың 13 және 15 қыркүйектері аралығында Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау өткізу және әскери жұртшылықпен кездесу үшін Қапшағай, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарына шығуы жоспарланған.

Жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулары келесі кестеге сәйкес жүргізіледі:

Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 16.00-де;

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 16.00-де;

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 15.00-де.

Бас әскери прокурордың жеке қабылдауына тілек білдірген жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдері Бас әскери прокуратураның 8 (7172) 71-28-27 телефоны немесе  7172827@prokuror.kz электронды адресі арқылы, сонымен қатар жоғарыда аталған әскери прокуратураларда келесі мекен-жайлар бойынша жазылуға болады:

Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Степная көшесі, 6 үй, тел. 8 (727-72) 4-55-80;

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы, Алматы облысы, Сарыөзек поселкесі, әскери қалашық №1, тел. 8 (728-40) 3-16-07;

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы, Талдықорған қаласы, Восточный мөлтек ауданы, Мұратбаев көшесі, 29Б, тел. 8 (7282) 41-10-00.

 

 

Бас әскери прокуратура


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"