Барлаушылар лаңкестікке қарсы тактикалы - арнайы жаттығу өткізді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімі Семей қаласынан 70 шақырымда орналасқан бұрынғы әскери қалашықта лаңкестікке қарсы тактикалы-арнайы жаттығу өткізді.

   Тактикалы-арнайы жаттығудың жоспары бойынша арнайы жасақталған құрама қала шетіне жеткізілді. Олар түтін шашкалары жіберілген соң, бірнеше бағыт бойынша шұғыл қимылға кірісті. Ғимараттың жоғары қабатында отырған мерген мен төменгі қабаттағы граната лақтырушы алдын-ала кедергілерді анықтады. Әрі шағын габаритті, дербес, тез шашылып, тез жиналатын, әрі дыбыс беретін көшпелі спутниктік кешеннің көмегіне жүгінді. Барлаушылар заңсыз жасақталған құраманың қай бағытқа және қандай жылдамдықта бара жатқанын білді. Заңсыз қаруланған топ өзеннің жағасына шегіну әрекетін қолданып көрді. Алайда, амфибиялық рота жауынгерлерінің жедел қимылының нәтижесінде қарсылас топтың ірі калибрлі қаруларының көзі жойылды.

   44736 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары майор Василий Подгайченко:

   «Бүгінгі күні ұрыс тактикасы мүлдем өзгерді. Нақтырақ айтқанда, соғыс стратегиясы қалаға көшті. Қаланың өз ерекшеліктерін ескеріп, террорлық әрекетке қарсы заманның талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, үйреніп, оны іс жүзінде қолдана білуіміз де керек. Осындай жаттығулар дайындықты күшейтуге, шеберлікті одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Дұрыс тактикалық әрекеттерге, ұрыста қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді пайдалануға, құрылымдардың атысты басқару біліктілігіне, әрі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі тактикалы-арнайы жаттығуда шағын қалашықты заңсыз басып алып, одан әрі өзен арқылы шегінуге әрекеттенген содырлардың жолы кесілді. Амфибиялық рота жауынгерлері моторлы қайықтарды су айдынында пайдалану, сулы жағдайда адамдарды құтқару және лаңкестердің көзін жою жөніндегі тапсырманы ойдағыдай орындады». 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"