Барлау құрылымдарының тактикалы-арнайы жаттығуы өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында барлау құрылымдарының тактикалы-арнайы жаттығуы өтті. Ол күндіз «Шығыс» жалпыәскери полигонында, түнде Семей қаласынан 70 шақырымда орналасқан бұрынғы әскери қалашықта ұйымдастырылды.

   Аймақта содырлардың дайындық лагері, оларға қару-жарақ пен оқ-дәрі, азық-түлік пен адам ресурсын жеткізу бағыттары анықталған соң, 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік дабылмен көтерілді. Дағдарыстық ахуалды оқшаулау мақсатында барлаудың арнайы құралдарының көмегімен аймақ зерттеліп, барлау жүргізілді. Инженерлік жағынан қамтамасыз етілмеген елді-мекенге жаяу кетіп бара жатқан қарсыласты, топты, колоннаны, заңсыз жасақталған құраманы торуылдайтын құрылғы қойылды. Барлаушылар шағын габаритті, дербес, тез шашылып, тез жиналатын, әрі дыбыс беретін көшпелі спутниктік кешеннің көмегіне де жүгінді. Артиллерияның атысы жүргізілетін ауданға бақылау жүйесін іске қосып, қорғанысқа кірген шартты қарсыластың техникалар колоннасына және қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтау қоймасына соққы берді. Заңсыз жасақталған қарулы топтың қалғанын бұрынғы әскери қалашықтың ғимаратына оқшаулап, арнайы жасақталған құраманың шабуылы нәтижесінде көзі жойылды. Жаттығуда арнайы мақсаттағы реактивті батарея майданның алғы шебінде қарсыластың шоғырланған әскері мен жауынгерлік техникасын, артиллериялық және минометті батареяларды, командалық пунктер мен басқа да нысананы талқандау мақсатында қолданылатын «ГРАД-1» реактивті жүйесінен және калибрі 122 мм Д-30 гаубицасынан оқ атты. Күрделі жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындаудағы дайындық деңгейін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, жеке құрам тактикалық кәсіби қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, далалық шеберлігін шыңдады. 

 Подполковник Серік РАМАЗАНОВ, 44736 әскери бөлімінің командирі:

«Бүгінгі күні ұрыс тактикасы мүлдем өзгерді. Нақтырақ айтқанда, соғыс стратегиясы қалаға көшті. Қаланың өз ерекшеліктерін ескеріп, террорлық әрекетке қарсы заманның талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, үйреніп, оны іс жүзінде қолдана білуіміз де керек. Осындай жаттығулар дайындықты күшейтуге, шеберлікті одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Дұрыс тактикалық әрекеттерге, ұрыста қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді пайдалануға, құрылымдардың атысты басқару біліктілігіне, әрі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді». 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"