БАҚ өкілдері әскерилерден теориялық және тәжірибелік сабақ алды

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен «Әскери дискурс» оқу практикалық семинары өз мәресіне жетті.

Қауіп пен қызығы қатар жүрген үш күн ішінде қатысушылар ҚР Қорғаныс министрлігінің нұсқаушыларынан теориялық және практикалық сабақтарда білім мен мол тәжірибе жинақтады.   Журналистерге, операторларға, фотографтар пенблогерлерге заманауи соғысты, будандық соғысты жүргізу, жаппай тәртіпсіздік кезінде жұмыс жасау ерекшеліктері, журналисті дайындау мен қарулы жанжал аймағында жұмыс жасау ерекшеліктері, қалалық жағдайларда ұрыс кезіндегі ерекшеліктер туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ақпараттық басқыншылық пен журналисті психологиялық тұрғыда дайындау бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.   Семинарға қатысушылар қудалаудан шегіну элементтері бар далалық жорыққа шықты. Онда торуылға түсу, тұтқынға алыну, алғашқы медициналық жәрдем беру кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. «Бұл дискурстың алдыңғылардан өзгешелігі біз жүріп өтілген жердегі шағын өткелден өттік.  Журналистеріміз әртүрлі жерлерде жүрді. Яғни, төбешіктер, бұталар, тастардың үстімен жүріп өтті.

Олармен жұмыс атқаратын журналист пен әскери қызметшінің сапалы жұмыс жасауына кедергі болатын келеңсіздіктерге душар болды. Журналистер айрықша дайындық болмай қандай да бір жауынгерлік іс-қимылдарға шығуға немесе әлдебір әскери шиеленістерді жариялауға болмайтынын сезінді», - деді семинардың нұсқаушысы Рустам Эюбов.    «Журналистер қауымы үшін мұндай білім шүбәсіз қажет. Қорғаныс министрлігі бұл бағыттағы тың бастаманы қолға алға дебютант екенін атап өткім келеді. Өйткені, Қазақстанда журналистерді жауынгерлік жағдайда, техногендік ахуалдағы жағдайда өзінің жұмысын жүргізу ережелері, тактикасына оқыту жөнінде семинарлар, митингілер болған емес.

Осы семинар барысында біз үлкен тәжірибе жинақтадық», - деп қатысушы журналист Темурлан Турдалин («Караван» газетінің журналисі) атап өтті. «Әскери дискурс» семинары бесінші рет өткізілгенін айта кетейік. Оған жетекші республикалық телеарналардың, ақпараттық агенттіктер мен баспасөз басылымдарының 40-қа жуық өкілі қатысты. Олардың барлығы қатысқаны туралы сертификатттарға, сонымен қатар, экстремалды журналистика мәселелері бойынша ғылыми-мамандандырылған басылымға ие болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"