Бітімгершілік миссияны орындауға Батыс Сахараға келді

Алғаш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында бітімгершілік миссияны орындау үшін әйел әскери қызметші майор Шолпан Таушева жіберілді.

Бір жыл бойы 30 елдің әскери қызметшілерімен қатар майор Шолпан Таушева әскери бақылаушы ретінде Батыс Сахарадағы бітімгершілік миссияға қатысады. Жөнелтер алдында кандидаттарды іріктеу келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан, әскери және арнайы бітімгершілік дайындықты зерделеп жатқан Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қатарынан ерікті түрде жүзеге асырылады. Олардың тиісті шет тілін білуі, қолайсыз климаттық жағдайларда қызмет өткеру жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын алуы қажет.

2014 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілігі мен қауіпсіздігін ұстап тұру жөніндегі операцияларға әскери бақылаушылар ретінде 16 офицер қатысқанын, оның ішінде, 13 офицер Батыс Сахарада референдумды өткізу жөніндегі БҰҰ миссиясы мен Кот-д'Ивуардағы миссияға 3 офицер қатысқанын айта кеткен жөн. Біріккен ұлттар ұйымының басшылығы әскери қызметшілеріміздің дайындық деңгейіне жоғары баға берді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"