Бітімгерлерді даярлау орталығының әскери қызметшілері донорлық қан тапсырды

Қорғаныс министрлігі Бітімгерлерлі даярлау орталығының жеке құрамы тұрақты қан запасын толықтыру және Алматы қаласы медициналық мекемелерінің науқастарына сапалы трансфузиялық көмекті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.

Әскери қызметшілер 13 литрге жуық донорлық қан тапсырды.
– Қазіргі уақытта жаһандық коронавирустық пандемия жағдайында тұрақты қан қорының болуы өте маңызды. Біздің орталықтың жеке құрамы науқастарға тезірек сауығуға көмектесу үшін тұрақты негізде донорлыққа қатысуға дайын, – деп бөлісті бітімгершілік  және тілдік даярлықты талдау және бақылау басқармасының бастығы полковник Руслан Маерманов. – Бізге айтып өткендей, қазір балалар клиникасының пациенті қан құюға зәру. Біз балаға көмектескіміз келеді және тез сауығып кетуін тілейміз.
Әскери қызметшілер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Игі істер марафоны» акциясына белсенді қатысып,  медициналық мекемелердің осындай өтініштеріне ат салысуға әрқашан дайын.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"