Аягөз қаласының әскери госпиталіне – 50 жыл

Аягөз қаласының әскери госпиталі КСРО ҚК Бас штабы бастығының 1970 жылдың маусым айындағы Директивасының негізінде құрылды

Аягөз гарнизонындағы әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына уақытында және жан-жақты дәрігерлік жәрдем беру, Қарулы Күштер зейнеткерлеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсету, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жақсарту, бейбіт және соғыс уақытында әскери патологияны зерттеу, сонымен бірге аурудың алдын алу мақсатында емдік-сауықтыру шараларын жүргізуде госпиталь жетістіктері жоғары бағаға ие. Көпсалалы емдеу мекемесінде әскери медицинаның даңқын асқақтатып жүрген мамандардың әрқайсысы сый-құрметке лайық. «Аягөз қаласының әскери госпиталі – Қарулы Күштердің үздік медицина мекемелерінің бірі. Медицина қызметкерлері күнделікті емдеу-диагностикалық процесімен қатар ерекше жағдайда кәсіби амал мен қимыл-әрекеттерді тұрақты орындайды. Белгіленген әскери уақытқа сай дайындықтар мен жаттығуларды да жиі өткіземіз. Госпиталь қызметінің жартығасырлық даңқты жолы әскери медицинаның сапасын жетілдіруге бағытталып келді, солай болып қала береді де», - дейді әскери госпиталь бастығы медицина қызметінің подполковнигі Дулат Мергенбаев.

Бүгінде медициналық мекемеде тәжірибелі 80 дәрігер мен мейірбике еңбек етеді. Сондай-ақ, жас мамандарға үлгілі тәлім-тәрбие беріп, қызметін жалғастырып жүрген әскери медицинаның ардагерлері де бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"