Автокөлік қылмыстарының алдын-алу

Автокөлік қылмыстарының алдын-алу

Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бөлігі саналады. Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, одан зардап шеккендердің күрт өсімі байқалады.

«Автокөлік қылмыстарының алдын-алу» онкүндігі аясында Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағына Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция басқармасының өкілі капитан Т. Қалдыбай шақыртылды. Ол жеке құрамға «Жол-транспорттық оқиғаларының статистикалық мәліметтері», «Жол-транспорттық апаттарда жарақаттану» және «Сергек камералары» туралы тақырыпта дәріс өткізді. Елордада айта кететін болсақ, «Сергек – интелектуалдық бейнебақылау жүйесі» іске асырылып жатыр. Жаңа жүйе жылдамдықты асыру, Bus Lane автобус жолағымен жүру және Stop сызықтарын кесіп өту секілді ереже бұзудың
3 түрін тіркейтінін, «Сергек» камералары іске қосылғаннан кейін жол ережелерін бұзу азайғаны туралы айтып өтті.

Жол апаттарында ең аз зардап шегетіндер жүргізушілердің өздері, ал ең көп зардап шегетіндер жолаушылар мен жаяу жүргіншілер екені анық. Жол-көлік оқиғалары табиғи апаттар мен соғыс сияқты адамның өмірін бір сәтте-ақ алып кететін қауіптің басты көзі болып табылады. Сондықтан жол тәртібін сақтап, аман-есен жүрейік!

Әділет майоры С. Мұханов,

АӨГ ӘПЖ тәрбие және идеологиялық

жұмыс жөніндегі орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи