Авиациялық техниктер біліктілігін арттыруда

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында Қазақстан Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің авиациялық техниктерін даярлау бойынша арнайы курс аяқталуда. 35 маманнан астам оқытылуда.

Әскери авиацияға жүктелетін міндеттерді орындауда инженерлік-авиациялық қызметтің алар орны маңызды. Ол авиациялық техниканы техникалық пайдалануды және жөндеуді, Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінің іс-қимылын инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Авиатехниктерді даярлау бірнеше мамандық бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, ұшақтар (тікұшақтар) және авиациялық қозғалтқыштар, авиациялық қару-жарақ, авиациялық және радиоэлектрондық жабдық. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
–    Инженерлік-техникалық құрамның әрбір маманы өз міндетін тек ауқымды техникалық ой-өрісі, арнайы терең білімі болған жағдайда ғана сәтті орындай алады. Білім алушылар оны дәл осындай оқу бағдарламаларын меңгеру барысында алады, – деп атап өтті Әскери институт бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Асқар Ізбасов.
Білім алушылар қатарында Қарағанды қаласының авиациялық базасы авиациялық жабдық тобының технигі прапорщик Николай Иващенко да бар.
– Жиындарды жоғары деңгейде ұйымдастырудың, оқу материалын берудегі жүйелі тәсілдің, дәрістердің ақпаратқа толы болуының және сауатты диалогтың арқасында біз өзіміздің білім қорын толықтырып, өткен материалды қайталадық. Бұл ретте басқа бөлімдерден келген әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасу өте маңызды болды, – деп атап өтті әскери қызметші.
Курстық даярлық аяқталғаннан кейін, тыңдаушылардың даярлығы деңгейі бағаланады. Бітірушілер әрбір оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесі көрсетілетін сертификаттар алады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"