«Авиадартс-2016» ұшу экипаждарының халықаралық байқауына іріктеу басталды

ҚР ҚК ӘҚК қазақстандық Әскери-әуе күштерінің үздік ұшқыштары «Авиадартс-2016» ұшу экипаждарының халықаралық байқауына екінші рет қатысқалы отыр.

Бүгінгі таңда «Қызылағаш» және «Қазақстан» авиациялық полигондарында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары арасында іріктеу кезеңі өткізілуде. «Қазақстан Республикасынан «Авиадартс-2016» байқауына Су-27 және МиГ-29 жойғыштарының, Су-25 шабуылдағыштарының, сондай-ақ Ми-8 және Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары қатысады. Байқауға ұшқыштан (экипаж командирінен) бастап буын (жасақ) командиріне дейінгі лауазымдардағы, біліктілік дәрежесі 3-сыныптан төмен емес жас ұшқыштар ғана қатысатын болады. Ұшқыштарымыз бұл тартысты додаға 2015 жылы алғаш рет қатысып, жалпыкомандалық екінші орынды иеленіп,  жақсы нәтиже көрсетті. Осы жылы да ұшқыштарымыз жоғары нәтиже көрсетеді деп ойлаймын», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.  Әрбір команда өздерінің әуе кемелерінде өнер көрсетеді. Екі негізгі (жұп) және бір резервтік. Байқауды өткізу бағдарламасы үш кезеңді қамтиды. Бағдар бойынша ұшу, көзбен шолып әуе барлауын жүргізу,  пилотаждау техникасы; жерүсті нысана бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ үшінші кезең – спорттық. Байқауға дайындалу және оны өткізу жөніндегі жалпы жетекшілікке алуды Ресей Федерациясы Әуе-ғарыштық күштерінің Бас қолбасшылығы жүзеге асырады. Дүбірлі дода 2016 жылғы шілденің 26-ы мен тамыздың 12-і аралығында ұшу құрамын жауынгерлік даярлау және жаттықтырудың 43-ші орталығы (Рязань қ.) және «Дубровичи» авиациялық полигонының (Рязань қ.) базаларында өткізіледі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"