«Авиадартс – 2016» сайысының қола жүлделерлері Қазақстанға оралды

Ұшу экипаждарының «Авиадартс – 2016» халықаралық байқауында сәтті өнер көрсеткен және бағдарламаның екі түрінде қола жүлделерді жеңіп алған Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің қазақстандық экипаждары өздерінің әуеайлақтарына оралды.

Отанына ұшар алдында Рязаньдағы Дягелево әуеайлағында  «Авиадартс – 2016» халықаралық байқауының жабылу рәсімі өтті. Бұл байқауда Ми-171Ш тікұшағындағы армиялық авиация мен Су-27 ұшағындағы жойғыш авиацияның ұшқыштары қола  жүлдегер атанды. Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы турда қазақстандық тікұшақшылар үшінші орынға ие болды. Конкурстың аталмыш түрінде 5 команда өнер көрсетті. Үш ресейлік, бір белорус және біздің команда. Қазақстандық ұшқыштар бұрандамалы қанатты машиналарда екі аса тәжірибелі ресейлік командадан басып озды. Бірақ, мәлім болғандай, сол күні тікұшақшыларға ғана сәттілік серік болған жоқ. Нысаналарды жою, бейнежазба, дәйекті бақылау мәліметтері нәтижелерінің талдауы және төрешілер алқасының шешімімен жойғыш авиациясының Су-27  ұшағында Қазақстанның командасына жүлделі үшінші орын берілді.  Біздің жұп – капитан Әділбек Ысқақов пен Руслан Мақадиев жойғыш авиацияның бес командасы арасында да жүлделі үшінші орынды еншіледі. Командамыз қызу тартыста Су-35 және Су-30СМ сияқты Ресей Федерациясының анағұрлым заманауи жойғыштарының экипаждарымен бақ сынасқанын айта кету қажет. Халықаралық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау барысында қазақстандық ұшқыштар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің қолынан кубоктар мен медальдар алды. Байқау ұйымдастырушыларынан 2 скутер табысталды. Өздерінің әуеайлақтарында оларды командирлері, қызметтестері мен отбасылары күтіп алды. Ұшу экипаждарының «Авиадартс – 2016» халықаралық байқауы 2016 жылғы шілденің 31-і мен тамыздың 9-ы аралығында Ресей Федерациясының аумағында өткенін естеріңізге сала кетейік. Екі қазақстандық команда қола жүлделерге ие болып, «АрМИ-2016» Армия халықаралық ойындары шеңберінде Қазақстан құрамасының ортақ қоржынына сүбелі үлес қосты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"