Астанада азаматтарды әскер қатарына шығарып салды

Астанада азаматтарды әскер қатарына шығарып салды
Суретті түсірген Ағыбай Аяпбергенов

Астана қаласы әкімдігінің алаңында 72 азаматты Қарулы Күштер қатарына шығарып салу салтанаты өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстанның әр азаматының борышы – ел қорғау!» атты акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Аталған шараға ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал–лейтенент Мұрат Майкеев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысып, ертеңгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тіледі.

«Ел қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы! Қазақстан намысты, ержүрек жігіттердің ордасы! Ұлы Отан соғысында Мәскеуді қорғаған дивизиялардың әрбір екінші оғы Қазақстанда жасалған! Бүгінгі әскер қатарына шақырылып отырған жастарға ел сенімін ақтасын деп ақ жол тілеймін!», -  деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенент Мұрат Майкеев өз сөзінде.

Жігіттер ел алдындағы азаматтық борышын ҚР ҚК Аэроұтқұр әскерлері мен Мемлекеттік күзет қызметі жасағы қатарында өтейді.

Болашақ сарбаздарды шығарып салуға  мектеп оқушылары, әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері, жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары жиналды. Шараға барлығы 4 мыңнан аса адам қатысты.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып,  болашақ жауынгерлерге арнап ән шырқалды.

Оразхан ОРАЛ, болашақ жауынгер, 18 жаста:

-Аэроұтқыр әскерінің десанттық шабуылдау бөлімінде әскери қызметімді өтемекпін.  Елімізді қорғау – ер азаматтың міндеті деп білемін. Әскери қызметімді лайықты атқарып,  мемлекеттiң тәуелсiздiгiн сақтау жолында қызмет етулге дайынмын.

Батырхан ҰЯБАСОВ, ата-ана:

-         Қазіргі күні әскердегі жағдай бұрынғыдай емес, әлдеқайда жақсарған әрі мерзімі де бір жыл ғана. Оған қоса, әскерге барып келгендер­ге де елімізде ерекшеліктер бар. Мәселен, жұмысқа орналасуына да артықшылықтар қа­растырылған. Оның үстіне, Отан алдындағы парызын өтеймін деген жастардың саны да көп екен. ­Ұлым Алмас Өмірқұл солардың бірі. Жасыратыны жоқ, қобалжып тұрмын. Барлық балалар әскери борышын аман-есен өтеп келсін деймін! 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи