Астанада әскери-дипломатиялық корпусты салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай әскери-дипломатиялық корпусты салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараға 29 елдің әскери-дипломатиялық корпусының өкілдері, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылары, ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы қатысты.

 «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлемнің көптеген елдерінің қорғаныс ведомстволарымен достастық және серіктестік қарым-қатынас орнатты. Бұған себеп халықаралық әскери байланысты нығайтуға бағытталған Сіздердің дипломатиялық күш-жігерлеріңіз бен маңызды миссияларыңыздың орны айрықша», - деп Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов сөй сөйлеу барысында атап өтті. Ол әскери ынтымақтастықты нығайту ісінде жүргізіліп жатқан жұмыс үшін әскери атташелердің барша дипломатиялық корпусына алғысын білдірді. Ағымдағы жылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 500-ден аса халықаралық іс-шара өткізгенін айта кеткен абзал.

Бітімгершілік және коалициялық әлеуетті, әскери білім мен ғылымды дамытуға, жауынгерлік, арнайы мақсаттағы күштерді даярлау аясындағы шетелдік тәжірибені зерделеу мен енгізуге, сондай-ақ, кибер қауіпсіздік пен отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Жалпы алғанда, 2016 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспары толық көлемде орындалды. Қазіргі уақытта алдағы 2017 жылға жаңа жоспар әзірлеу жүргізілуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"