Астана маңындағы авиабазада қаза болған ұшқыштарды еске алды

Астанадағы 19132 әскери бөлімінің базасында 2012 жылғы 22 тамызда арнайы тапсырманы орындау кезінде апатқа ұшыраған Ми-17 тікұшағының экипажын еске алу құрметіне орай спорттық жарыстар өтті.

«Бүгін 19132 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін ерекше күн. Мінеки, қымбатты қаруластарымыз бен әріптестеріміздің опат болған күнінен бастап төрт жыл өтіпті.  Олар өздерінің өмірлерін қиып, жүктелген жауынгерлік тапсырманы орындады. Бүгінде бұл туралы еске алу қайғылы.  Біз оларды мәңгі есімізде сақтап, олардың ерлігін мақтан етіп, даңқты дәстүрімізді Әуе қорғанысы күштерінің өскелең жауынгерлеріне беретін боламыз», - деді 19132 ә/б командирі полковник Марал Кәрімов.  Ажал құшқан ұшқыштарды еске алу құрметіне орай жыл сайын сайыстар өткізіліп тұрады.

Турнирдің қорытындысы бойынша 19132 ә/б-нің командасы жалпы командалық бірінші орынды, Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы екінші орынды және 2177 ә/б ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командасы үшінші орынды еншіледі. Турнирдің барлық қатысушылары атаулы грамоталармен, медальдармен, құнды сыйлықтар және ауыспалы естелік кубокпен марапатталды. 2012 жылғы 22 тамызда Астана қаласының әуеайлағы ауданында арнайы тапсырманы орындау кезінде Ми-17 тікұшағы авиациялық апатқа ұшырағанын естеріңізге сала кетейік. Экипаждың үш мүшесі қаза болды.

Атап айтқанда, экипаж командирі капитан Талғат Досанов, ұшқыш-штурман аға лейтенант Еркін Махамбетниязов, борттық авиациялық техник аға лейтенант Жанбота Қасымов, сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері аға лейтенант Ақылбек Мусин. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"