Аспан мергендері біліктілігін арттырды

    Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдерінде ату және жауынгерлік жұмыс қағидаларына сәйкес, қыркүйек айының 10-ы мен 20-сы аралығында «Сарышаған» мемлекеттік полигонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімдері күзет бөлімшелерінің зениттік зымырандық батареялары мен көзбен шолып бақылау есептоптарының жеке құрамымен «ЗУ-23» зениттік қондырғысынан және «Игла» тасымалы зениттік зымырандық кешенінен жауынгерлік атыстар өтіп жатыр.

Жауынгерлік атыс жетекшісі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік даярлық жөніндегі) орынбасары полковник В.В.Найденов: «ЗУ-23» зениттік қондырғысы мен «Игла» тасымалы зениттік зымырандық кешендері әскери бөлімдерді жердегі және аспандағы төмен ұшатын нысаналардан қорғау үшін қажет. Осы әскери қаруды шеберлікпен қолданып, дәлдеп атуға үйрету үшін жеке құраммен осындай іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз, себебі Отанымыздың аспанының тыныштығы біздің қолымызда», - деген ой білдірді.   

         23 мм біріккен «ЗУ-23» зениттік қондырғысы аспанда 2500 метр қашықтықтағы және 1500 метр биіктіктегі нысаналарды жою үшін таптырмас қару болып саналады.   

         «Игла» тасымалы зениттік зымырандық кешендері реактивті, турбобұрандалы және бұрандалы-моторлы ұшақтарды, сонымен қатар, тікұшақтарды жою үшін нағыз керек әскери қару болып табылады.

         Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Батырлық – табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарымен тек игілікті ғана емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады. Өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі». Олай болса Отанымыздың Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қатарында тек қана батыр ұлдар мен қыздар қызмет етеді.

              Майор Азамат ЖАҒАЛБАЕВ

                                                           25750 әскери бөлімінің баспасөз хатшысы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"