Ашық аспан аясында әскери техника музейі ашылады

Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңі күнінің 74 жылдығын мерекелеуге дайындық шеңберінде Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың аумағында ашық аспан аясында әскери техника музейі ашылады.

Орталық алаңында қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері, оның ішінде, артиллериялық қондырғылар, авиациялық, броньды танкті техника, сондай-ақ қазіргі күнге дейін көптеген елдердің армиясының жарақтандыруында тұрған Ұлы отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдардағы әскери техниканың үлгілері орнатылатын болады. Ашық аспан аясындағы әскери техника музейі елорда тұрғындары мен қонақтарына отандық қару-жарақтың тарихымен танысуға, өз көзіңмен жауынгерлік техниканы көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазіргі заманғы жастардың қазақстандық патриотизм сезімін оятуға, Отанына, жақындарына, ҰОС ардагерлері мен әскери қақтығыстардың қатысушыларына құрмет көрсетуге елеулі үлес қосады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства