"Артиллериядан оқ ату шеберлері" конкурсына қатысушылардың жеребесі өтті

Армиялық халықаралық ойындары аясында 40-шы «Отар» әскери базасының аумағында өткізілетін «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына қатысушылар арасында жеребе тастау рәсімі өтті.

Аталмыш рәсімге тоғыз елден келген командалар өкілдері қатысты. Олар Әзербайжан, Беларусь, Вьетнам, Иран, Қазақстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан мен Өзбекстан.
Жарыстың бас төрешісі генерал-майор Асқар Жоламановтың басшылығымен минаатқыш есептоптардың командирлері өз командаларының жарысу кезегін және әскери техниканың түсін анықтады. Қазақстандық команда көк МТ-ЛБ (жеңіл броньдалған көпмақсатты тартқыш) техникасында сынға түседі.
Сайыстың бірінші «Жеке жарыс» кезеңінде бірінші болып Қазақстан, Ресей, Сирия және Өзбекстан өкілдері шығады. Олардан кейін Әзербайжан, Беларусь, Иран, Тәжікстан Қарулы Күштерінің минаатқыш есептоптары және байқауға алғаш қатысушы – Вьетнам елі жарысады.
Әр командада екі минаатқыш есептобы болады. Конкурс жеңімпазы «Жеке жарыс», «Түнгі спринт» және «Эстафета» жарыстарының кезеңдерінде команданың екі есептобының алған ұпай санымен анықталады. Ұпай саны тең болған жағдайда соңғы «Эстафета» кезеңіндегі жарыста барынша жоғары орынға ие болған командаға басымдық беріледі.
Артиллерияшылар жарыс басталмас бұрын тас жолмен, нысана алаңдарымен танысады, байланыс бойынша практикалық сабақтар мен қолданылатын қаруды мұқият тексеруден өткізеді.
Осы конкурс 2021 жылдың 25 тамызында басталып, 2 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"