Арнайы операцияларда әскерлерді қолдану мәселелері

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында заманауи әскери қақтығыстардың тәжірибесі бойынша арнайы операцияларда әскер тектерін қолдану мәселелерін талқылау жөнінде халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты қазіргі уақытта әлемде өткен және болып жатқан заманауи әскери қақтығыстар мен локальді соғыстар кезінде қауіп-қатерлерді біріктіру болды. Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің жоғары әскери оқу орындарынан, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлері Әскери институты, ҚР ҰҚК Академиясы, ҚР ІІМ Алматы академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 130-дан аса өкілі, сондай-ақ әскери іс саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы полковник А. Мұстабеков конференцияға қатсышулар алдындағы сөз сөйлеуі кезінде қаралатын мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін, заманауи локальді соғыстар мен әскери қақтығыстардың туындауы себептерін негіздеуде, сондай-ақ олардың дамуына қарсы іс-қимыл жөніндегі теория мен практиканы әзірлеуде Қазақстан Республикасы әскери ғалымдарының ролін атап өтті. Конференция қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдіру, қазіргі заманның әскери қақтығыстарында әскер тектерінің әрекет етуінің тактикасы мәселелері бойынша локальді соғыстар мен әскери шиеленістердің проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы әскери ЖОО-лардың жетекші әскери ғалымдары мен профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулері мен көзқарастарының нәтижелерімен алмасу жөніндегі өзіндік алаңға айналды. «Заманауи және болашақ әскери қақтығыстарға тәп сипат» тұжырымдамалық баяндамасымен әскери ғылымдардың докторы, профессор М. Шлейко сөз сөйледі. Баяндама конференцияға қатысушылардың аса қызығушылығын туғызды және келесі сөз сөйлеулердің жалпы сипаты мен бағыттылығын алдын ала айқындады. «Үлгілік нысандарға энергетикалық әсер ету – қарсыласты кешенді жоюдың маңызды құрамдасы» тақырыбында Ресей Федерациясының көрнекті әскери ғалымдары, профессорлар В. Орлянский мен П. Дульневтің баяндамалары да қызықты болды. Өздерінің баяндамаларында олар арнайы операцияларды өткізу кезінде әскер тектерін қолданудың әртүрлі аспектілерін, сондай-ақ Таяу Шығыстағы локальді соғыстардың тәжірибесі бойынша әскери өнер мен әскерлердің әрекет ету тактикасын дамыту үрдістерін толыққанды қарастырды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды дайындау және локальді әскери қақтығыстарда әскер тектерін жауынгерлік қолдану, сондай-ақ будандас соғыстардың идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс жүзіндегі шараларды әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды қабылдады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"