Арнайы насихат сабағы өтті

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының Басқармасында бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицерлердің қатысуымен сабақ өтті.

Ол діни мәселелер жайында әскери бөлім қолбасшылықтарының сауаттылығын арттыру және дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың қаупін азайту мақсатында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер алдында діни ұйымдармен өзара әрекет жөніндегі сектордың бас маманы Арман Рымқанов, дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім директоры Мирас Еспаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім маманы Алуа Сабамакова «ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының бұзылуы», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың мақсаты мен міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу соңында бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицерлерге бейнефильм де көрсетілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"