Арнайы мақсаттағы барлау ротасының жеке құрамы жауынгерлік дайындықтың деңгейін арттырды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау ротасының жеке құрамы таулы жердегі дайындық бойынша жиында жауынгерлік дайындықтың деңгейін одан әрі арттырды.

   Арнайы мақсаттағы барлау ротасының жеке құрамы таулы жердегі және судағы кедергілерден өтті. Жартас пен биіктігі 3999 метр шыңға да шығып-түсті. Қауіпсіздік шараларына ерекше мән берілді. Нәтижесінде аға лейтенант Б.Бохаев, аға лейтенант С.Сартаев, лейтенант Н.Жарылқасым, сержант С.Садыханов, кіші сержант Е.Оралбеков, ефрейтор В.Либгард, ефрейтор Е.Камзанов, ефрейтор Д.Қадылбеков, ефрейтор Д.Сейілхан, қатардағы А.Әділханов, қатардағы А.Сыздықов, қатардағы Т.Бекболатов, қатардағы Е.Жүнісов алғашқы дайындықтан өтті. Барлығына «Қазақстан альпинисі» куәлігі мен белгісі табыс етілді. Бір сөзбен айтқанда, жеке құрам бұл жиында жауынгерлікке жақын жағдайдағы жоғары моральды-психологиялық, әскери-арнайы және дене дайындығынан өтті. Ең бастысы – арнайы мақсаттағы барлау ротасы жауынгерлерінің әзірлік әдістемесімен алмасты.

   Еске сала кетейік, 44736 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметшісі 2015 жылы «Алтын үкі» халықаралық сайысына қатысқан еді. Белорусь, Қытай, Ресей, АҚШ мемлекетінен жеткен мықтыларды озып шығу үшін жер үстіндегі, судағы және таулы жердегі 43 кедергіден өтті. Бес шақырымнан астам соқпақпен жүріп, 10 шақырымдық маршты да жүзеге асырды. Қорытындысында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің барлау құрылымдары арасында екінші орынды, өңірлік қолбасшылықтар арасында бірінші орынды жеңіп алған болатын. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"