Армиялық әндер фестивалі өз шымылдығын ашты

Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Жас ұлан – 2018» армиялық әндердің мерейтойлық ХХ республикалық фестивалі басталды.

400-ге жуық конкурсант «Жас ұлан – 2018» армиялық әндер фестиваліне қатысуда. Олардың арасында ҚР ҚК барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери қызметшілері, курсанттар мен әскери оқу орындарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ жалпы білім беру мектептерінің дарынды оқушылары, студенттер, республиканың барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері бар.

Фестивальдің негізгі мақсаты шақырылуға дейінгі, шақыру және армиялық жастарға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әскери-патриоттық тәрбие беру, көркемөнерпаздық армиялық орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне жәрдем көрсету болып табылады. Фестивальдің шарттары бойынша барлық қатысушыларды бірқатар өлшемшарттар бойынша, яғни, әскери тақырыптағы шығармаларды, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындауларын бағалайды. Фестивальдің қатысушылары вокал, аспаптық топтар мен би ұжымдары үш номинация бойынша өнер көрсетеді.

«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2019 жыл жастар жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бойскауттық қозғалыстың аналогиясы бойынша «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құруды, мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейтуді тапсырды. Бүгінгі «Жас ұлан» ХХ республикалық фестиваліне қатысушылар, тәуелсіз Қазақстанның жас патриоттары, болашақ Отан қорғаушылар аға буынның үмітін ақтайтындарына сенеміз», - деді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы республикалық штабының төрағасы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Іріктеу кезеңінен кейін әділқазылар үздік орындаушыларды анықтайды. Олардың есімдері ағымдағы жылғы 9 қарашада Астанада өтетін гала-концертте белгілі болады. «Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметті дәріптеу, Қазақстан армиясының имиджін арттыруға сүбелі үлес қосып жатқанын айта кетейік.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"