Армияда қылмысқа орын жоқ!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасынына сәйкес 53975 әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлықты алдын – алу бойынша профилактикалық сабағы өткізілді.

Сабақтың басты мақсаты: әскери қызметшілердің санасына жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидасын сіңіру, сыбайлас жемқорлықты ескертудің жаңа әдістері мен тәсілдері, сондай – ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, елімізде жемқорлық үшін қаралған жауапкершілікті және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін жеткізу, әскери қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып саналды.
53975 әскери бөлімі штаб бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Ержігіт Хандаулетов жеке құрамға жемқорлықтың шығу тегін, қоғам мен әскери қызметшіге зиянды жақтарын түсіндірді. Пара алу, пара беру, мемлекеттік және әскери мүлікті ұрлау және талан – таражға салу, мемлекеттік қызметте жерлестік, туысқандық қасиеттеріне орай көтермелеу сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған түрлері деп атап өтті. Елімізде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша көптеген істер атқарылып жатқанын жеткізді. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің мерзімінен бұрын босатылуына тиым салынуы, шет елдерде лауазымды мемлекеттік қызметшілердің банк шоттарын ашуға тиым салынуы, қоғамның мемлекеттік қызметке сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сабақ соңында әскери қызметшілер арасында жемқорлықпен күрес тақырыбында жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша әскери қызметшілер арасында жемқорлықтың алғышарттары анықталмады.
53975 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен сыбайлас жемқорлықты алдын – алу бойынша профилактикалық сабақтар жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Дәрістер, әңгімелесулер, жасырын сауалнамалар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу, осының барлығы әскери қызметшілерге жемқорлыққа қарсы заңнаманы жақсырақ түсінуге көмектесіп, нөлдік төзімділікті қалыптастырады.
Сабақ соңында жеке құрамға 2020 жылы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған әскери қызметшілердің тізімі қол қою арқылы жеткізілді.


53975 әскери бөлімінің
Идеология және арнайы насихат жөніндегі аға офицері
Капитан Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"