Армияда діни экстремизмге жол жоқ

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда  әр түрлі  болды және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де, экстремизмнің пайда болуы  мен таралуының  базистік жағдайы бар. Экстремизмнің пайда  болуына сараптама жасай келе, бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, конфессиялық қарама-қайшылықтар жатқанын көруге болады.

Сөз орайына келсек, әрине, армияда  діни экстремизмге жол жоқ. Және бөлімдерде жеке құрамның діни білімін жоғарылатуға, сонымен қатар экстремисттік  және террористік діни ұйымдардың әрекетін түсіндіруге бағытталған алдын-алу іс-шаралар молынан қамтылғанын айтқым келеді. 63310 әскери  бөлімінде басшылықпен бірігіп, ақпараттандыру жүйесінде жеке құрамға  әлемдегі және ел ішіндегі болып жатқан Қазақстан үшін дәстүрлі дін болып табылатын ағымдар туралы қажетті ақпарат беру, олардың осы діндерге деген көзқарастарын қалыптастыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланады. Жеке құрамның өзіндік жолынан адаспас үшін, уақытылы «Жат діни ағымдардың басты идеологиясы», «Экстремисттік, радикалды діни ағымдардың көздегені не?», «Уахабизм радикалды діни бағытының негізгі ерекшеліктері» тақырыбында ҰҚК әскерге қарсы  барлау басқармасының өкілдерімен ақпараттандыру сағаттары ұйымдастырылған болатын.

Осындай діни экстремизм әлемді улап жатқан кезде, әр мұсылман адамның адаспай, өз жолын табу бір ғанибет. Экстремизм  мен терроризмнің идеяларын шынайы деструктивті ниеттерін, дәстүрлі емес және тыйым салынған діндердің мәні мен әскери қоғамға әлеуметтік қаупін түсіндіру мақсатында  дінтанушы мамандармен ай сайынғы дәрістер жүргізіледі.  Айта кететін жайт, барлық санаттағы офицерлер мен жеке құрамға діни экстремизм идеяларын алдын алу жұмыстарын арнайы насихат жүргізуге анықтамалық материалдар таратылып,  жеке құрамға діни экстермизмнің әскери ортада қабылданбайтынын және нейтралды екенін ашып көрсететін құжатты фильмдер көрсетіліп жатады. Негізі, осындай жүргізіліп жатқан ақпараттандыру жұмыстары өз нәтижесін көрсетіп жатады.

Бейбітшілік пен конфессия аралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік  ауқымда болсын, қол жеткізген  белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген және де жедел шешуді қажет ететін жайттар көп. Сондықтан да қазіргі таңда мұндай теріс пиғылды ұйымдарға алданып қалмау үшін терроризмнің жолын кесуде үгіт-насихат  жұмыстары аса қажет.

 

А.Әубәкірова

63310 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"