Армия ойындарының бір бөлігі елімізде өтеді

Өткен жылы алғаш рет Армия халықаралық ойындары аясында «Артиллериялық ату шебері» және «Мерген шебі» атты екі байқау біздің жерімізде өтті. 12 мемлекеттің үздік мергендері мен артеллерияшылары қазақ топырағында жеңіс үшін сайысты.

Сайыс барысындағы айтулы кезеңдер мен оқиғаларды, біздің әскери қызметшілердің жеңісін және салтанатты марапаттау рәсімін қазақстандықтар тікелей эфирден көру мүмкіндігін алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайтында онлайн-трансляция жүрді. Жеті күн ішінде 204 000 көрушілер тіркелді. Сайыстың онлайн көрсетілімін Қазақстаннан өзге, Канада, Ұлыбритания, Япония, Қытай, Беларусия, Ресей, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тұрғындары тамашалады. Қазақстандағы сайыстың қорытындысында барлық команда жетекшілері мен төрешілер арасында сауалнама жүргізілді. Белгілі болғандай, сайысты төрелік етудің жоғары дәрежеде өткені және сайысқа алдағы уақытта қатысуға деген қызығушылық анықталды. Алайда, бұл Қазақстан жеріндегі армия ойындары тарихының басы ғана саналады.

Биыл да біздің әскери полигондар тағы да әскери мамандар «сайысының» орталығына айналмақ. Енді бізде екі емес, үш сайыс өткізіледі. Олар – «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Мерген шебі» және Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары.

Бұл байқауларға көптеген елдер өздерінің қатысатынын растады. Мәселен, Қазақстанға байқауға қатысуға 18 мемлекеттен 400 әскери қызметші келеді.  «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ангола, «Мерген шебі» байқауында Қазақстан, Монғолия, Қытай, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Зимбабве, Қырғызстан, Үндістан, Иран, тағы басқа 17 мемлекеттің әскерилері бақ сынасады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстарына Қазақстан, Беларусь, Иран, Ресей елдерінен келеді.

Үздік мергендер мен артиллерияшылардың бәсекеге түсіп, бақ сынасатын жері «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны болмақ. Бұл жарыстар тамыздың 1-і мен 9-ы аралығында өтеді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"