Армия ойындарынан жеңіспен оралды

Әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысының шеңберінде еліміздің аумағындағы «Мәтібұлақ» полигонында ұйымдастырылған «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысынан» «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің әскерилері жеңіспен оралды.

   Еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқы мен абыройын арттырған әскерилерді әскери бөлімнің жеке құрамы ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев жауынгерлік машықтың, кәсіби амал мен қимыл-әрекетті орындаудың үлгісін танытқан жеңімпаздың әрқайсысын құттықтады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары звеносының командирі майор Рахымжан Аюпов, ҰҰА аға маманы-аға операторы старшина Тұңғат Сейтов, ҰҰА аға маманы-авиациялық механик-жүргізушісі сержант Олег Запорощенко, ҰҰА аға маманы-аға авиациялық механигі аға сержант Роман Кадров кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Ұшқышсыз ұшу аппараттары звеносы Skylark- I LEX (Long Endurance) пилотсыз ұшу аппаратының жүйесін  «Шығыс» жалпыәскери полигонында қолданып, шеберліктерін шыңдап келеді. «Бозторғай» деп аталатын пилотсыз ұшу аппараты оптикалық барлауды, нысананың сәйкестігі мен бақылаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол түрлі-түсті CCD камерамен, ИК алдыңғы барлау жүйесімен, мәліметтерді тарату каналымен, бейнені тарату VSAT жүйесімен, сондай-ақ, басқару және ізге түсудің автономды жүйесімен қамтамасыз етілген. Жылдамдығы сағатына 92 шақырымды құрайды. Қанаттарының құлашы 3 метрге жуық, ұшу салмағы болса 7,5 кг. Тиімді пайдалану қашықтығы 20-40 шақырымға дейін жетеді, ал, әуеде үш сағатқа дейін ұша алады. Биіктікке 4 880 метрге дейін жетеді, көкке 100 метрден артық көтерілгенде жерде оның дыбысы да естілмейді. Электр жетегі арқылы жүзеге асырылатын құралға екі оператор қызмет көрсетеді. Израильдің Silver Arrow компаниясы ойлап тапқан Skylark- I LEX аппаратын әлемнің көптеген елі әскери әуе күштерінде қолданады.

   Естеріңізге сала кетейік, «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысында» Қазақстан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Ресейге бұйырып, соңғысын Иран иеленді. Майор Джафариан Хамид (Иран Ислам Республикасы) «Ұшқышсыз ұшу аппаратының үздігі технигі», аға лейтенант Владимир Заинчковский (Ресей Федерациясы) «Ұшқышсыз ұшу аппараттының ҰҰАүздік операторы» атанды. «Отар» 40-шы әскери базасында тамыздың 1-і мен 9-ы аралығында өткен «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Мерген шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысында» әлемнің 18 елінен барлығы 400-ге жуық әскери қызметші бағын сынады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"