АрМИ-2016 халықаралық ойындары шеңберінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің сайысы өтті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Айша-бибі» полигонында Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Қару жасаушы шебер» және «Автоброньды танкті техника шебері» байқаулары бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің сайысы өтті.

Жарысқа 5 командадан құралған әскери қызметшілер қатысты. Өздерінің жауынгерлік әзірліктерін көрсеткен «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтары мен Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері. «Қару-жарақ шебері» байқауы аясында қатысушылар нормативтерге сәйкес АК-74 пен артиллериялық қару-жарақты бөлшектеп, жинады. Әскери қызметшілердің алдында қару-жарақтың ақаулығын жойып, сол қарудан көрсетілген межеге оқ атып, 400-500 метрлік эстафетадан өту тапсырмасы тұрды.  Қатысушылар барлық нормативтер бойынша барлық қойылған тапсырмаларды орындап шықты. Қорытындысы бойынша «Оңтүстік» ӨңҚ 01731 әскери бөлімі  бірінші орынды, «Шығыс» ӨңҚ командасы екінші орынды иеленді. Аэроұтқыр әскерлері, «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының грамотасымен марапатталды. «Автоброньды танкті техника шебері» байқауында әскери қызметшілер ауыр және жеңіл әскери техникада әртүрлі кедергілерді еңсерді.  Сайыста істен шыққан техниканы тас жолға тартып шығару және бір уақытта көрсетілген нысана бойынша атысты жүргізу қерек болды. Техника экипаждары бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсерді. Енді жеңімпаз командалар халықаралық кезеңге дайындалатын болады. Бірінші орынды иеленген команда Ресей Федерациясында өтетін Армия халықаралық ойындары-2016 додасында Қазақстанның намысын қорғайтынын естеріңізге сала кетейік.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии