Ақтық сапарға шығарып салды

Алматы қаласында 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының орынбасары подполковник Қайыров Сәндібек Ғалымоллаұлымен қоштасты.

Офицер хабар-ошарсыз кетті деп есептелген. Оның қайтыс болғаны туралы 2022 жылдың 11 қаңтарында белгілі болды.
Офицерді ақтық сапарға шығарып салуға Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов, Алматы гарнизонының бастығы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшекбаев, Қарулы Күштердің ардагерлері, Алматы гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері, жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттары келді. Сонымен қатар қоштасу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы офицердің өлімі әрбір әскери қызметші үшін ауыр тигенін және еліміздің Қарулы Күштері үшін орны толмас қайғы екендігін атап өтті.
Қайыров Сәндібек Ғалымоллаұлымен Құрлық әскерлерінің Әскери институтын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. Қарулы Күштерде взвод командирінен бастап десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасарына дейінгі лауазымда қызмет атқарған.
Сәндібек Ғалымоллаұлы әрдайым жас офицерлерге білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөліскен. Ол кәсіби тұрғыда өте жақсы дайындалған офицердің, адал және лайықты командирдің, сенімді әріптес пен жауынгерлік достың үлгісі бола білді.

Офицер туған жері Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан) Чапаев кентінде жерленеді.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Сәндібек Ғалымоллаұлының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"