Ақтөбе гарнизонында «Күшіміз бірлікте» атты әскери-патриоттық акциясы өтті

Ақтөбе гарнизонына Отан қорғаушыларымыздың абыройын арттыру, қоғамдағы беделін нығайту, әскерилердің жоғары моралдық рухын көтеру мақсатында Қорғаныс министрінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында «Күшіміз бірлікте» әскери-патриоттық акциясы өтті.

Аталған акцияға гарнизонның әскерилерімен қатар, олардың отбасы мүшелері, жергілікті атқару органдарының, «НұрОтан» партиясының, Ақтөбе қаласы халықтар ассамблеясы мүшелері, Ақтөбе ардагерлер қоғамының ардагерлері қатысты.
-    Қорғаныс министрілгі алдында үлкен тапсырмалар тұр. Әсіресе әскерилеріміздің моральдық-психологиялық  жағдайы мен  мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға аса мән берілуде, - деді  Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Серик Борамбаев.
Сондай-ақ, аталған шара барысында сарбаздармен сұхбаттасып, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Іс-шара барысында қонақтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық музейінің қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тарихынан сыр шертетін экспонаттарды  тамашалады.

Ақтөбе гарнизоны баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"