Ақтөбе гарнизоны медициналық жабдықтарын ұсынды

Ақтөбе гарнизоны медициналық жабдықтарын ұсынды

Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапары барысында Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдерге барып, база штабын, қойманы, мерзімді қызметтегі сарбаздардың казармаларын және жауынгерлік машиналар паркін тексерді.

Ақтөбе гарнизонында мемлекеттік шекараға қол сұғылмауын, оның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын, ұдайы жауынгерлік әзірлікті ұстап тұратын, мемлекеттік мекеме нысандарының күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ететін мотоатқыш, артиллерия және барлаушы штурмалық бөлімшелер бар.  Одан басқа гарнизонында Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі бар. Қорғаныс ведомство басшысы оқу-материалдық базаның, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу жағдайын тексерді. Одан басқа, Қорғаныс министрі Ақтөбе қаласындағы әскери госпитальге барып, мобильді медициналық кешен, қабылдау және хирургиялық бөлімшені аралап шықты. Ақтөбе қ. әскери госпиталь емдеу бөлімшелері, диагностикалық, қамтамасыз ету бөлімшелері және госпиталь әкімшілігі орналасқан. Одан басқа, өзінің зертханасы, тіс емдеу бөлімі мен дәріханасы бар. Оның қызметіне Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан гарнизондардың әскери қызметшілері қарайды. 2019 жылы мекемеде емделген әскери қызметшілердің 100%-ы өз қызметтеріне оралған. Әскери гарнизонда күрделі жол және қолайсыз ауа райы жағдайына арналған жұмыс істеу мобильді медициналық кешен бар. Оған мобильді операциалы-реанимациялық кешен, мобильді рентген кешені және госпитальді бөлімшелер кіреді. Ол жоғары өтімді жүк автомобилі базасында орналасқан және далалық жағдайда екі сағат көлемінде айнала алады. Бұл төтенше жағдайларда, экологиялық апаттар мен әскери қақтығыстарда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев басымдық міндеттерді белгіледі және әрі қарайғы жұмыс бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи