Ақтаудағы алғашқы әскери пирстың құрылысы аяқталуға жақын

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағындағы алғашқы әскери пирстың құрылысы аяқталайын деп қалды. Нысан биылғы жылдың қазан айында ресми түрде тапсырылады деп күтілуде.

Айлақтың құрылысы ақпан айында басталған болатын. Қазіргі кезде гидротехникалық құрылыстағы жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің тарихында әскери мақсаттағы тұңғыш пирс болайын деп тұр. Қазіргі сәтте қазақстандық әскери корабльдер әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықтағы Баутино кентіндегі жалға алынған пирста орналасқан.

Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілерге белгілі бір қолайсыздық туғызуда. Осылайша, жеке меншік теңіз пирсының бой көтеруі Әскери-теңіз күштері үшін маңызды оқиға болып табылады. Пирстың құрылысымен Ақтау шаһары портының аумағында бөлінген ауданы 1,2 га жер телімінде «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы айналысуда. 

«Ақтау қаласының портында ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің орналасу алғашқы пунктінің салынуы Әскери-теңіз күштеріне Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, Каспий теңізінің кез келген ауданына корабльдердің шығуын жедел жүзеге асыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету мен тасып жеткізуді уақтылы ұйымдастыруға, техника мен қару-жарақтың мотоқорын үнемдеуге мүмкіндік беріп,  жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды айтарлықтай қысқартады», - деп ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"