Ақтау полигонында роталық тактикалық оқу-жаттығулар басталды (фото, видео)

Жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Ақтау гарнизонының «Оймаша» полигонында жауынгерлік атыспен роталық тактикалық оқу-жаттығулар басталды.

Оқу-жаттығуға барлығы 700-ден астам әскери қызметші мен авиацияны қоса алғанда 80-ге жуық әскери техника жұмылдырылды.
Бөлімшелер оқу-жаттығу дабылы бойынша көтеріліп, роталық лег белгіленген ауданға, одан әрі жауынгерлік қолдану ауданына марш жасады.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша бөлімшелер айналаны қорғаныс жағдайында қарсыластың шабуылын тоқтатуы қажет. Әскери қызметшілер толықтай тактикалық іс-қимылдар мен маневрлерді пысықтайды. Атап айтқанда, қорғаныста, шабуыл кезінде, жергілікті жердің әртүрлі ландшафттарында және елді мекендерде күндізгі және түнгі уақыттарда.
Оқу-жаттығу барысын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров және теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов бақылайтын болады.
Роталық тактикалық топтың қазіргі уақыттағы ұрыс кезінде жауынгерлік мүмкіндіктерінің бар екендігін айта кету керек. Өйткені Т-72 танктері, БТР-82А жауынгерлік машиналары, 122мм Д-30 гаубицасынан басқа, оған инженерлік құралдар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендері, артиллерия және авиация бағынады. Қандай қару-жарақты қай уақытта қолдану керектігі туралы бөлімше командирлері шешім қабылдайды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"