Ақпараттық шолу

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Сарбаз».


Курсанттар қалтқысыз қызмет етуге ант етті

Алматы қаласында Құрлық әскерлері Әскери институтының бірінші курс курсанттары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.  
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылығы, Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштерінің ардагерлері, курсанттардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.
Ер жігіттің өмірінде бір-ақ рет қайталанар ант қабылдау рәсімі әскери дәстүрлердің ішіндегі ерекшесі болып саналады. Әскери ант қабылдаған күн – әскери институттың сап қатарын толықтырған әрбір жас курсанттың өмірінде ерекше орын алатын  маңызды шара. Бұл күн курсанттардың мәңгілік есінде қалады.
Болашақ офицерлердің өмірінде ұмытылмас осы салтанатты Құрлық әскерлері Әскери институты бастығының міндетін уақытша атқаратын полковник Талғат Баудинов қысқаша кіріспе сөзбен ашты. «Бүгінгі күн курсанттардың өмірінде ерекше оқиған орын алуымен қалатынына сенімім зор. Өйткені, әр курсант Отан алдындағы қастерлі міндетін атқаруға, туған жердің тыныштығын күзетуге, осы жолда талмай білім алып, биіктерді бағындыруға ант берді. Бұл – ер жігіттің үлкен де абыройлы міндеті», деді полковник Т.Баудинов.
Сап түзеген алаңды бойлай Әскери институттың жауынгерлік Туы салтанатты түрде алып өтілгеннен кейін, Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Әне-міне дегенше, қаумалаған жұртшылық тағатсыздана күткен сәт те келіп жетті. Мұнтаздай киініп, иықтарына қаруларын асынған жас курсанттар саптан нық қадаммен алға суырылып шығып, бірінен соң бірі әскери ант қабылдады.  Әскери киімдегі балаларын көріп, мәз-мейрам болысқан жұршылықта жас Отан қорғаушылардың жігерлі дауыстарына толғана құлақ түрген.
Институттың саптық алаңында болашақ офицерлер бірінен кейін бірі Отан алдында өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз орындауға, қиыншылықтарды табандылықпен көтеруге, әскери істі оқып үйренуге ант етті.
Айтулы шараның ресми бөлімі аяқталған соң, мінберден Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының орынбасары-штаб бастығы генерал-майор Талғат Қойбақов,  ардагерлер болашақ офицерлерді ұмытылмас күндерімен құттықтады және алдағы оқуларында толағай табыстар тіледі.
«Ант дегеніміз –әр жауынгер үшін өмір заңы. Оның әр сөзі жауынгерді үнемі биік жауапкершілікке, Отан үшін, ел үшін әскери паразын орындауға шақырады», дейді институттың бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
Ант қабылдау рәсімінен кейін республикамыздың түкпір-түкпірінен ат терлетіп келген курсанттардың ата-аналары институтттың әлеуметтік тұрмысымен, оқу базасымен, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.
Биылғы жылы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты  атағына 300-ге жуық курсант ие болды.


Қазақстан-Ресей тактикалық оқу-жаттығуы басталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының территориясында өткізілген Қазақстан-Ресей тактикалық арнайы оқу-жаттығуының кезекті күні азаматтардың, жылқылардың және әскери техниканың белсенді және ұйымдасқан қозғалысынан басталды. Осылайша, таулы-егерлік бөлімшенің базасында бірлескен оқу-жаттығудың дабылы қағылып, қос тараптың жиынтық бөлімшелерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша іс-қимылдары пысықталды.
Мұндағы әскери тәртіп пен қызметтің бағыт-бағдары бұрыннан және егжей-тегжейлі бәрі жазылған. Кім қайда келеді, қандай тапсырма алады, кім не істейді, әрбір әскери қызметші өз әрекеттерінің алгоритмін бес саусағындай біледі. Және бұл жүйені ешқандай жағдай бұзбауға тиіс.
Сонымен қатар, бір аумақта екі елдің әскери қызметшілері жұмыс істеген кезде нақты әрекет ету керек. Міне, командирлер өздерін және кәсібилігін іс жүзінде сезінуге мүмкіндік бар.
«Мұнда Қазақстан-Ресей жауынгерлері өздерінің әзірліктерін шыңдап, тактикалық білімдерін сарапқа салады. Әскери саладағы соңғы жаңалықтарымен, айла-тәсілдерімен бөліседі. Бұл оқу-жаттығу сонысымен салмақты деуге әбден негіз бар», дейді қолбасшылықтың баспасөз қызметкері Мұхит Қонаров.


Ресей әскерилері көне қаланы тамашалады

Осы күндері Жамбыл облысында өткізіліп жатқан Қазақстан-Ресей тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына қатысушылардың алдында демалыс күні өтті. Ресейлік әскери қызметшілер үшін екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз қаласына қыдыру ұйымдастырылды – жауынгерлік істерден демалу үшін, жергілікті көрікті жерлерді қарап шығып, ежелгі қала туралы қызықты мәлімет алды.
Таразда әскери қызметшілер бірінші кезекте "Жеңіс" саябағында болып, "Ерлік" мемориалдық кешеніне барып, «Даңқ» залында болып қайтты.
Бір жарым жыл бұрын шаһардағы "Жеңіс" саябағы қайта жөндеуден кейін жаңа тынысы ашылып, жаңғырып, құлпыра түскен болатын. Бұл саябақта серуендеу, расында бұл рахат. Айналада тазалық бар, гүлдер мен ағаштар өскен кезде, көгалдардағы жасыл шөп, саябақтағы ескерткіштер еске түсіретін тарих терең және таза қабылданады. Ресей солдаттары «Даңқ» залындағы экспонаттарды қарап, тың деректерге қанығып, саябақ пен мемориалдық кешенге шын жүректен тәнті болды.
Ал Жамбыл облыстық өлкетану мұражайында экспозициялар шетелдік сарбаздардың таңданысын тудырып, қызықтыра түсті. Тараздың 2000 жылдық шежіресі, Ұлы Жібек жолының кереметтері түрлі талқылауларға себеп болды. Қазақстанға оқу-жаттығуларға келген Тува Республикасының әскери қызметшілері артефактілер, ежелгі саз құмыралар, археологтар тапқан ағаш құрылыстар аясында естелікке суретке түсті. Бұл фотосуреттерді ресейліктер туған-туыстарына жөнелтеді, сол арқылы Тараз бен оның екі мыңжылдық тарихы туралы біледі.
Экскурсия жүргізуші қыздар Ресей әскери қызметшілерінің өлкетану мұражайына барған кездегі әсерлерімен бөліскенін және оларды жәдігерлермен таныстыру барысын былай баяндады: «Менің алдымда қазақтар тұрған сияқты болды, мен автоматты түрде қазақ тілінде түсіндіре бастаймын, содан кейін олар мені түсінбейтіні есіме түседі де қайтадан орыс тіліне көшемін! Біздің арамыздан еш айырмашылығы жоқ! Өйткені, тува жігіттері біздің қазақтарға қатты ұқсайды екен. Ал оларды музей экспонаттары қатты қызықтырды. Өздерінің де тарихымен салыстырып, жәдігерлерді сондай таңданыспен тамашалады», дейді Нұрила есімді музей қызметкері.

"Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығына он тоғыз жыл толды

15 қыркүйек – "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің құрылған күні. Биылғы жылы Қазақстанның Құрлық әскерлері құрамындағы ең ірі әскер тобының құрылғанына 19 жыл толады. Осыған байланысты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы алаңында жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті.
Іс-шараны "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Асан Жүсіпов басқарды.
Салтанатты жиында көптеген жақсы сөздер айтылды. Әскери қызметкерлер әрқашан өздерінің кәсіби мерекелерін атаусыз қалдырмайды. Ал өңірлік қолбасшылықтың құрылған күні – бұл ерекше мереке, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде қызмет етіп жүрген барлық әскери қызметшілердің ортақ мерекесі.
Оңтүстік әскери округі – қазіргі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы – Қазақстан Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі №147 Жарлығына сәйкес құрылды. Оңтүстік әскери округінің бірінші қолбасшысы генерал-майор Әлихан Жарболов болды.
Келесі жылдары "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскерлерін генерал Уәли Еламанов, Бақтияр Сыздықов, Болат Дарбеков, Талғат Қойбақов, Марат Құсайынов басқарды. Бұл генералдардың есімдері қолбасшылық тарихында қала береді. Өйткені, олар құрылымның іргесі қалануына көп тер төкті, еңбек сіңірді.  
Қазіргі уақытта "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскерін генерал-майор Қайдар Қарақұлов басқарады, оның қолбасшылығымен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері өз кәсібилігінің жоғары деңгейін дәлелдеуді жалғастыруда.
Салтанатты басқосуда әскери ансамбльдің сүйемелдеуімен патриоттық әндер шырқалып, белсенді әскери қызметшілер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"