Ақпараттық шолу

«ШЫҒЫС-2019» жаттығуы басталды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» полигонында жедел-тактикалық командалы-штабтық «ШЫҒЫС-2019» жаттығуының салтанатты ашылуы болды.
   «ШЫҒЫС-2019» жаттығуына жауынгерлік дабылмен көтерілген РФ Қарулы Күштерінің Орталық әскери округі мен Құрлық әскерлерінің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ІІМ Ұлттық гвардиясының, ҰҚК шекара қызметінің әскери құрамалары мен бөлімдері тартылды. Жаттығудың жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында әскердің біріктірілген топтасуы ұйымдастырылып, әскери құрамалар мен бөлімдердің басқарма органдары біріккен жоспарды пысықтады. Мемлекеттік шекараны бұзбақ болған заңсыз жасақталған құраманы анықтау, оқшаулау және көзін жоюдың мәселелерін қарады. Әскерилерді далалық жағдайда жайғастыру мен тамақтандыру да ұйымдастырылды. Әскерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру, біріккен арнайы әскери операцияны дайындау және өткізу кезеңдерінен тұрады. Алғашқы кезеңнің өзгешелігі – әскерилердің арнайы операцияны ұйымдастыру мен жүргізуді игеріп, қорғаныс операциясын жоспарлауға кірісуінде. Халықаралық деңгейдегі жаттығуға еліміздің оңтүстігіндегі таулы құрылымдар да қатысып, Қарағанды облысының аумағындағы зымыранды-артиллериялық құрылымдардың жедел-тактикалық зымырандар оқу атысы да бір уақытта жүргізілді. Жедел-тактикалық командалы-штабтық «ШЫҒЫС-2019» жаттығуына 4 мыңға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса әскери техника мен қару-жарақ, 30-дан астам авиациялық техника жұмылдырылып отыр.

Батыр бабалардың даңқты жолымен

   Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналып Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жауынгерлердің тізімін жандандыру акциясы өтті.
   Басқарма бастығы подполковник Жақсылық Айтбаев халқымыздың биік рухын, ерлігі мен қахармандығын күллі әлемге танытқан 1941-1945 жылдар, ел басына күн туғанда елі үшін туып, елі үшін өлген батырлар туралы мол мағлұмат берді. Бұрынғы Семей облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 106 277 адамның аттанғанын, 44 984 адамның қайтып оралмағанын, сұм соғыстың ауыр жүгін қаймықпай көтерген көзі тірі 38 батырдың – өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастырып тұрған тарих екенін еске салды. Бұл өңірде 330-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы мен 8-ші атқыштар дивизиясы және бірқатар әскери бөлімдердің құрылғанын баян етті. Семейліктердің ерлігі жоғары бағаланып, 53 адамның Кеңес Одағының батыры атанғанын, 12 адамның үшінші дәрежелі Даңқ орденімен және 30 мыңнан астам адамның орден-медальдармен марапатталғанын да атап өтті. Бұдан соң екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жауынгерлердің тізімін жандандыру үшін алфавиттік 15 журналды Семейдегі колледж директорларының қолына табыс етті. Шара соңында еліміз Қарулы Күштерінің қатарына әскерге шақырылатын және шақырылуға дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі қосқан үлесі, сондай-ақ, республикалық V «Айбын» әскери-патриоттық жиынында үздік жетістіктерге жетудегі зор еңбегі үшін бір топ адамға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың грамотасы берілді.    

Полиция жасағының туған күні аталып өтті

   Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының құрылғанына 22 жыл толуына орай салтанатты жиын болды.
   «Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы ҚР ҚМ Директивасының негізінде және ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін  одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 9 қыркүйекте құрылды. Бұл күні жасақтың ең алғашқы жетекшісі, запастағы полковник Шәкен Нығметұлы Нығметов туралы айтпай кету мүмкін емес», деді Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы под.......полковник Талғат Әмірхан. Республикалық және гарнизондық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру, дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен әскериді іздеу, өзге де маңызды жұмыстарға тартылған әскери полиция қызметкерлерінің жетістіктері жоғары бағаланды. Парадтық киімде сапта тұрған жеке құрамға ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының бастығы полковник Б.Лекеровтың құттықтау хаты, әскери қызметшілерді көтермелеу туралы жасақ бастығының бұйрығы да жеткізілді.
Салтанатты шеру өтіп, мерекелік шара «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйі өнерпаздарының концертіне ұласты. Жасақ басшылығы «Шығыс» жалпыәскери полигонында құқық тәртібін қамтамасыз етуші әскери қызметшілерді де құттықтады.                                                                                          

«Сарбаз карточкасы» акциясы

   Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және болдырмау мақсатында «Сарбаз карточкасы» айлығы жүріп жатыр.
   Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және әкімшілік тәжірибе бөлімшелері офицерлерінің өзара әрекеттесуімен ақпараттық-түсіндіру шаралары жүзеге асырылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803, 44736, 31767, 54770 әскери бөлімінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің ережелері, ҚР 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатының тұжырымдамасы, ҚР Қылмыстық кодексі пен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің артықшылығы, әскери қызметшілерге қолданатын жазаның жүйесі түсіндірілді. Құқық пен қылмыс бұзушылықтарға жол бермеу жолында ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскери құрылымдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу Жоспарының орындалуына көңіл бөлінді. Жасырын сауалнама жүргізіліп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің бастамасымен соңғы жүргізілген банк операцияларына тексеру де жүргізілді. «Сарбаз карточкасы» акциясының көздегені де сол, сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылық, сондай-ақ, ақшалай сыйақының мезгілсіз аударылу, заңсыз қаржы жинау, заңсыз материалдық сыйақы, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, заңсыз табыс табу, ақшалай қаражат бопсалау фактілерін анықтау.

«Жас сарбаз» қатарына алынды

   Семей қаласындағы 18-ші орта мектептің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының қатарына қабылданушы 5 «А» және 5 «В» сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады.
   5 «А» сыныбының 13 оқушысы, 5 «В» сыныбының 19 оқушысы «Жас сарбаз» жарғысына сай бұйрықтарды орындауға, сертте тұруға, болашаққа нық сеніммен қадам басуға, әрі Отанды қорғап, елге адал қызмет ететін ар-намысты, білімді азамат болуға ант берді. Салтанатты шара «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм сезімін дарыту, жастарды әскери қызметке даярлап, жалпыұлттық құндылықтарды бойына сіңіруді мақсат тұтты. Оған білім ұясын өз қамқорлығына алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 63310 әскери бөлімінің командирі полковник Елгелді Оралбаев, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің штаттан тыс нұсқаушысы Юлия Жирнова куә болды.Әрдайым мейірімді іс жасауды ұйғаратын әскери қызметшілерге мектеп басшылығы ризашылығын білдірді. Ант қабылдау рәсіміне қатысқандар «Жас сарбазда»
білім алып, қанатты қатайған оқушылардың болашақта еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын нағыз мамандар болатынына зор үміт артты. Денесі шыныққан, жан-жақты сауатты, әрі намысшыл болашақ жауынгерлердің дайындалатынына да сенім білдірді.

Халықаралық көрменің жүлдесін ұтып алды

   ШҚО кинологтары қоғамдық бірлесігінің бастамасымен Семей қаласында өткен барлық тұқымдағы иттердің «КҮЗ 2019 - Ертіс жағалауындағы кездесу» атты халықаралық сертификаттық көрмесінде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сержанты Серік Зайкенов бірінші орынды сақтап қалды.
   Көрмеде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының қызметтік иттер бөлімшесі дайындаған лабрадор-ретривер (лақап аты «Умка») және бельгиялық овчарка малинуа (лақап аты Айбат) қатысып, өз тұқымдастары арасында үздік шықты. Жүлдегерлер мақтау грамоталарымен және төс белгілерімен марапатталды. Көрермендер көзайымына ие болған Айбат қосымша ВІS –II кубогін де ұтты. Жасақ сержанты былтыр дәл осы халықаралық көрменің жүлдесін иеленген болатын. Ұлы Айсұлтан Зайкенов «Бала және ит» номинациясы бойынша лабрадор–ретривер итімен «Бэтман» мультипликациялық фильмінен үзінді көрсетіп, қазылардың жоғары бағасын алған еді. Айта кетейік, кинолог үйреткен Балу мен Лорд есімді қызметтік иттер бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі жиындарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты. Жарылатын оқ-дәрілер мен есірткі заттарының бар-жоғын анықтау мақсатындағы 184 шарада екі оқиғаның ашылуына септігін тигізді. Бельгиялық «Жек» овчаркасы мен «Рекс» неміс овчаркасы да қызметтік міндеттерін өте дұрыс орындап, басшылық тарапынан талай рет марапат алған.

Суреттерді түсірген автор

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"